Жуырда елорда төрінде орналасқан Ұлттық музейде Мәдениет және спорт министрлігі «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы мекемесінің ұйымдастыруымен белгілі археолог, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Археология және дала өркениеттері» ғылыми-зерттеу институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы Виктор Зайберттің үш тілде (қазақ, орыс, ағылшын) жазылған «Ботай» атты кітабының тұсаукесер рәсімі өтті.

Ботай мәдениеті – еліміз аумағында энеолит (энео – мыс, литос – тас), яғни мыстас дәуіріне жататын бірден-бір ескерткіш. Орналасқан аумағы – Солтүстік Қазақстан облысы, Айыртау ауданы Қазан ауылдық округіне қарасты Никольское елді мекенінен оңтүстік-шығысқа қарай біржарым шақырым жерде. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, сонау жетпісінші жылдары осы қонысқа жақын жерде ағып жатқан Иман-Борлық өзенінің жағасында ойнап жүрген балалар сүйектен, тастан және балшықтан жасалған бұйымдарды тауып алады. Ежелгі дәуірге жататын бұл дүниелерді жергілікті мектептің директоры, тарих пәнінің мұғалімі Есләмбек Зәкәрияұлы Көкшетау қаласындағы тарихи-өлкетану мұражайына тапсырады. Арада біраз жыл өткен соң Көкшетау мұражайынан аталған жәдігерлерді көрген Қызылжар педагогика институтының жас ғалымы В.Зайберт дереу ат басын Ботайға бұрып, арнайы экспедиция ұйымдастырады. Нәтижесінде, дүниежүзілік археология тарихына жаңа бетбұрыс жасалды.
Қонысқа алғаш рет 1980 жылы қазба жұмысы жүргізілді.
– Осы уақытқа дейін барлығы 15 мың шаршы метр аумақтың мәдени қабаты аршылды, – дейді «Ботай» кітабының авторы, атақты археолог Виктор Федоривич. Сондай-ақ соңғы жылдары қонысқа қарқынды қазба жұмыстары жүргізілуде екен. Атап айтқанда, 2017 жылы 570 шаршы метр, 2018 жылы 224 шаршы метр аумақ топырақтан тазартылып, сегізбұрышты жаздық баспана және адам қаңқасы, сонымен қатар тастан, сүйектен жасалған 1000-ға жуық артефакт табылса, 2019 жылы 312 шаршы метр аумаққа археологиялық қазба жұмыстары жүргізіліп, алты және жетібұрышты құрылыс қаңқасы анықталыпты. Бұлардың шұңқырлық тереңдігі қазіргі жер қыртысынан 90-110 метр, бөлмелердің аумағы 50-60 шаршы метр екені анықталған.
Сонымен қатар осы жылдары сыйымдылығы 0,2-0,3 және 20-39 литр болатын қыш ыдыстар және 200 мыңнан астам әртүрлі артефакті табылса, осылардың 80 пайызы – тас құралдар. Жылқының астыңғы жақ сүйегінен жасалған қол орақтар мен шағын шалғылар, ағаш өңдейтін үскілер, киім тігетін тебен инелер, тері сылатын қырғыштар және 44 дана ою бәдізделген бұйымдар табылған екен.
* * *
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында: «Еліміздің солтүстік өңіріндегі энеолит дәуіріне тиесілі Ботай қонысында жүргізілген қазба жұмыстары жылқының тұңғыш рет қазіргі Қазақстан аумағында қолға үйретілгенін дәлелдеді» десе, Ботай мәдениетінің құндылығы жайлы археолог В.Зайберттің тұжырымдамасында: «Ботай қонысы Орталық Азия даласында жылқыны қолға үйретудің ең алғашқы археологиялық дәлелі іспеттес. Сонымен қатар қоныстан табылған керамикалық ыдыстардан липид пен сүт майларының қалдықтары табылуы – мұнда жайылымдық жылқы шаруашылығы болғандығының бір дәлелі. Яғни б.з.д. IV мың жылдықта қазақ даласында жылқы қолға үйретіліп, қымыз дайындалды. Сонымен қатар ботайлықтар қола дәуіріне дейін екі мың жыл бұрын мыс құрал-саймандарды пайдаланды. Оларда суретшілік, зергерлік өнері ерекше дамыды. Кейбір артефактілердің жасалу шеберлігі таңғалдырады. Бұл мәдениет соңғы алты мың жыл ішінде, андронов, сақ-сармат, қаңлы, түрік-қыпшақ, т.б. еуразиялық далалық мәдениеттер арқылы жүйелі дамып, олардың тарихи-мәдени, этностық, антропологиялық ерекшелігін бойына сіңіре отырып, қазіргі түрік этносына қосылды», дейді.
* * *
Осы орайда, айтпағымыз жылқы адамзат өркениетіндегі, әсіресе дала өркениетіндегі дамудың елеулі көрсеткіштерінің бірі екені анық. Жылқыны қолға үйрету көшпелі шаруашылық пен дала өркениетінің негізін қалады. Қолға үйретілген жылқының тұрмыста маңызы зор. Ол – ет және қымыз өндіру, салт міну, арба-шанаға жегу, жауынгерлік және сайыс өнеріне бағытталып өсірілген.
Еуропалық ғалымдардың зерттеуіне қарағанда, адам баласы жылқыны қолға үйреткеніне 5500 жылдан асыпты. Өркениет тарихында жылқылар алғаш рет қазіргі Украина топырағында қолға үйретілді деген тұжырым болған еді. Алайда соңғы зерттеулердің қорытындысы өркениеттің Азиядан басталғанын дәлелдеді.
Ағылшын зерттеушісі Кимберлей Броун «Лос Анжелес Таймс» газетіне сілтеме жасай отырып, Horse атты журналға жазған еңбегінде, жылқы түлігі еуропалықтар ойлағаннан көп бұрын Азияда қолға үйретілгенін меңзеген.
Ағылшын зерттеушісінің пікірі Ботай қонысы маңына жүргізілген қазба жұмыстары барысында дәлелін тапты. Аталған археологиялық жаңалықтың құндылығы жайлы еуропалық National Geographic News атты ғылыми басылым: «Қазіргі күні Қазақстан деп аталатын елдің жерін мекендеген далалық өлке тұрғындары алғашқы болып жылқыға мініп, оның сүтін ішкен...» деген байлам жасады.
Басылымның бұлай түйін жасауына себеп болған дүние: Ботайдағы қазбадан табылған жылқылардың тістері мүжілген әрі оған сызат түскен. Осыған қарап ғалымдар, жылқының мініске пайдаланылғанын, ауыздықталғанын анықтап отыр. Сонымен қатар жер астынан табылған ыдыстардың түбінде кепкен қымыз қалдықтарының ізі қалған.
Осы дәлел-деректерді негізге алған АҚШ-тың Нью-Йорк қаласындағы Хартуик университетінің зерттеушісі Давид Антони: «Егер ботайлықтар биені сауып, сүтін пайдаланған болса, бұл жылқылар жабайы емес, яғни қолға үйретілген жануарлар» деп түйін сөзін айтқан. Сондай-ақ Ботай қонысы маңына археологиялық қазба жұмыстарын жүргізген ұлыбританиялық жетекші ғалым, Эксетер университетінің қызметкері Алан Оутрам: «Біздер тапқан жаңалықтан түйгеніміз, байырғы адамдар біз ойлағаннан да өнертапқыш екенін көріп отырмыз», дейді.
Қысқасы, біздің жыл санауымыздан 3600-3700 жыл бұрын энеолит дәуірінде өмір сүрген ботайлықтар Есілдің жағасын мекендеп, жылқыны қолға үйретіп, оның етін тұтынып, қымызын ішіп күнелткен. Зерттеушілер осындағы жылқы сүйегінің бір жерге аса көп мөлшерде шоғырланғанына қарап, ботайлықтар жылқы малын будандастыруды да меңгерді деген оқшау тұжырым жасайды.
Сол секілді француздың атақты шығыстанушы ғалымы, академик Рене Груссе өзінің «Дала империясы» атты еңбегінде «ең алғаш жылқы малын қолға үйретушілер көшпенділер болған» дей отырып: «Сайын дала – жылқының отаны. Далалықтар жаратылысынан ат құлағында ойнаған сарбаздар һәм ат әбзелдерін ойлап табушылар да осылар...» дейді.
Яғни ежелгі дәуірде жылқы түлігінің қазіргі Қазақстан аумағында қолға үйретілгені бұл малдың ерекше қастерленіп, өмір сүру жоралғысының ажырамас бір бөлігіне айналғанын көрсетеді. Тіпті қазақ халқы әлі күнге дейін жылқының сүтін қымыз ретінде пайдаланып отырғаны – қазақ даласында сонау ежелгі дәуірден бері үзілмей жалғасып келе жатқан дәстүрдің айғағы.
Адамдардың жылқы малын қолға үйреткені емес, бірінші кезекте оны көлік құралы ретінде тұтынғаны тарихи маңызды. Себебі адамдар жылқыны ерттеп мінгеннен бастап адамзат тарихында үлкен сілкініс жасалды. Қазіргі техника дәуірі өркендеген заманның өзінде жылқы түлігі тарихи, шаруашылық маңызын жоғалтқан жоқ.
Талғат Сырбаз еркін күрестен Азия чемпионы атанды
Күрес • Кеше
ҰҚШҰ-ның бірлескен оқу-жаттығулары жөнінде келіссөздер жасалды
Қазақстан • Кеше
Екі күнде 15 жасөспірімнің түн кезіп жүргені анықталды
Аймақтар • Кеше
Ақмола облысында бас санитарлық дәрігер жаңа қаулы қабылдады
Аймақтар • Кеше
Оқиға • Кеше
Петропавлда тілсіз жау дер кезінде құрықталды
Аймақтар • Кеше
Қостанайда құрастырылатын автокөліктерге сұраныс артып келеді
Аймақтар • Кеше
Жамбыл облысында прокуратура қызметкері парамен ұсталды
Аймақтар • Кеше
Жер комиссиясының төртінші отырысы қорытындыланды
Қазақстан • Кеше
Болашақта есепші мамандығы болмайды – Еңбек министрлігі
Қазақстан • Кеше
А.Цой БҰҰ Экономикалық және әлеуметтік кеңесінің отырысына қатысты
Қазақстан • Кеше
Әлем • Кеше
Алматыда бір тәулікте ауруханаларға 416 адам қабылданды
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
Оралда партия филиалының есеп беру конференциясы өтеді
Аймақтар • Кеше
Бүгін еркін күрестен Азия чемпионаты басталады
Күрес • Кеше
Елімізде өткен тәулікте 2892 адам коронавирустан жазылды
Коронавирус • Кеше
Бір тәулікте 2822 адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус • Кеше
Петропавлда мейрамхана өртеніп, адамдар эвакуацияланды
Аймақтар • 16 Сәуір, 2021
Азия чемпионаты: Әйелдер күресінен өткен жарыстың екінші күнінің нәтижесі
Спорт • 16 Сәуір, 2021
Қарағанды облысының аумағында әскери ұшақ құлады
Оқиға • 16 Сәуір, 2021
Алматыда сыбайлас жемқорлыққа қарсы комиссияның отырысы өтті
ANTIKOR • 16 Сәуір, 2021
Салымшылардың есепшотына 73 миллиард теңге қайтарылды
Экономика • 16 Сәуір, 2021
Тобыл қаласында облыстық «Жас тұлпар» оқушылар айтысы өтті
Аймақтар • 16 Сәуір, 2021
Шу ауданында голландиялық картоп өсіріледі
Аймақтар • 16 Сәуір, 2021
Жазғы сауықтыру лагерьлеріндегі гигиеналық талаптар
Қазақстан • 16 Сәуір, 2021
Азия чемпионаты: Бүгін аруларымыз үш жүлде алды
Спорт • 16 Сәуір, 2021
Түркістан облысында 22 мыңнан аса оқушы тест тапсырады
Аймақтар • 16 Сәуір, 2021
«Шахтер» командасына жаңа бас бапкер келді
Аймақтар • 16 Сәуір, 2021
Асқар Мамин Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі жобалық офис отырысын өткізді
Үкімет • 16 Сәуір, 2021
Театрда «Мауглидің» тұсаукесері өтті
Өнер • 16 Сәуір, 2021
Маңғыстау облысында «Қалқан-2021» оқу-жаттығуы аяқталды
Қазақстан • 16 Сәуір, 2021
Кісі қолынан қайтыс болған Аяжан Еділованың мәйіті жер қойнына тапсырылды
Аймақтар • 16 Сәуір, 2021
Елордалық оқушы «EGMO-2021» олимпиадасында екінші орын алды
Білім • 16 Сәуір, 2021
Шығыс Қазақстан облысында бірнеше ауданды су басу қаупі бар
Аймақтар • 16 Сәуір, 2021
Теміржол индустриясының әлемдік көшбасшысы Қазақстанмен ынтымақтастыққа ниетті
Қазақстан • 16 Сәуір, 2021
Пәтер ішін заңсыз жоспарлау неге апарады
Қоғам • 16 Сәуір, 2021
Азия чемпионаты: Төрт аруымыз жарысты жалғастыруда
Спорт • 16 Сәуір, 2021
Ақтау-Жетібай тас жолында жүк көлік өртеніп кетті
Аймақтар • 16 Сәуір, 2021
Павлодарда 16-шы қабаттан секірмек болған ер адам өлім аузынан қалды
Аймақтар • 16 Сәуір, 2021
Елордада газдандыру жұмыстары қалай жүріп жатыр?
Елорда • 16 Сәуір, 2021
Алматы облысының орман алқабындағы өрт әлі толық сөндірілген жоқ
Аймақтар • 16 Сәуір, 2021
Нұр-Сұлтан стационарларында 4,5 мыңға жуық науқас емделіп жатыр
Коронавирус • 16 Сәуір, 2021
Екібастұзда көлік жүргізуші үй ауласында жасөспірімді қағып кетті
Аймақтар • 16 Сәуір, 2021
Браконьерлік фактілер бойынша 20 қылмыстық іс қозғалды
Экология • 16 Сәуір, 2021
Шымкенттің бас дәрігері ауруханадағы жантүршігерлік жағдай туралы айтты
Оқиға • 16 Сәуір, 2021
Astana IT university: Білім сапасынан цифрлы трансформацияға
Білім • 16 Сәуір, 2021
Түркістан саммитінде мақұлданған бастамалар Ыстанбұлда рәсімделетін болады
Қазақстан • 16 Сәуір, 2021
Шахрат Нұрышев: Ел азаматтары Түркі ұйымдарын абыроймен басқарып келеді
Қазақстан • 16 Сәуір, 2021
Екі килограмм есірткі тәркіленді
Оқиға • 16 Сәуір, 2021
Ғасырлық тарихы бар ежелгі қала жаңа келбетке ие болды – Ақтоты Райымқұлова
Руханият • 16 Сәуір, 2021
Әділет қызметкері әріптесіне жұдырық жұмсаған
Аймақтар • 16 Сәуір, 2021
Түркі интеграциясы жаңа деңгейге көтерілді – Шахрат Нұрышев
Руханият • 16 Сәуір, 2021
«Түркістан декларациясы» Қазақстанның Түркі әлеміндегі орнын бекіте түседі – Дархан Қыдырәлі
Қазақстан • 16 Сәуір, 2021
Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің бас күмбезі қалай жаңартылды?
Қоғам • 16 Сәуір, 2021
Шахрат Нұрышев: Елбасы Түркі әлемінің болашағына сенім білдірді
Қазақстан • 16 Сәуір, 2021
Елімізде гемофилиямен ауыратын науқастардың саны артып барады
Медицина • 16 Сәуір, 2021
21 хан, 8 сұлтан.Түркістанға тағы кімдер жерленген
Қоғам • 16 Сәуір, 2021
Тарихи нысандарды қалпына келтіруде әуесқой көзқарасқа жол берілмейді – министр
Қоғам • 16 Сәуір, 2021
«Халифа Алтай» мешітінде вакцина егу пункті жұмысын бастады
Аймақтар • 16 Сәуір, 2021
Ұқсас жаңалықтар