Тағайындау • 09 Ақпан, 2021

Талдықорған қаласының прокуроры тағайындалды

772 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бас прокурордың бұйрығымен Ашеев Бақытжан Мұратұлы Талдықорған қаласының прокуроры болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Талдықорған қаласының прокуроры тағайындалды

Ашеев Бақытжан Мұратұлы 1982 жылы 31 шілдеде дүниеге келген.

Ол 2003 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің заң факультетін құқықтану мамандығы бойынша тәмамдады.

Прокуратура органдарындағы қызметін 2003 жылы Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы прокурорының көмекшісі ретінде бастады.

Ол әр уақытта Қарасай облысы және Талдықорған қаласы прокурорының орынбасары қызметін атқарды

Талдықорған қаласының прокуроры болып тағайындалғанға дейін ол Алакөл ауданының прокуроры болған.

Прокуратурадағы жұмыс өтілі - 18 жыл.

Шені - әділет кеңесшісі.