Аймақтар • 09 Ақпан, 2021

Алғабастағы тұрғын үйдің қасбеті қисайып, құлауға шақ тұр

282 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Зерделі (бұрынғы Алғабас) шағынауданындағы үйлердің қисаюы бойынша тергеу бір жылдан аса уақыт бойы жүргізіліп келеді. Алматы прокуратурасы тергеудің неге ұзаққа созылғанын түсіндірді, деп хабарлайды Egemen.kz

Алғабастағы тұрғын үйдің қасбеті қисайып, құлауға шақ тұр

Прокуратура өкілдері сарапшының қосымша материалдарды ұсыну туралы өтінішіне байланысты 2020 жылы тағайындалған қосымша сот-құрылыс сараптамасы тоқтатылғанын хабарлады.

«Жоғарыда көрсетілген сараптама нәтижесі болмай күдікті тұлғаларға мәртебе беру мәселесі және істі сотқа жіберуге ерте. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы бойынша «сотқа дейінгі тергеу деректерін жария етуге жол бермеу» талаптарына сәйкес сотқа дейінгі тергеу деректері жария етілмейді», деді Алматы прокуратурасының өкілі.

Айта кетейік, 2019 жылғы желтоқсанда Алматыдағы көпқабатты үйлердің бірінің тұрғындары үй іргетасына шағымданды. Тұрғындар уақытша жалдамалы пәтерге көшіріліп, ғимаратты мамандар тексерді. Нәтижесінде, №179 үй 31 сантиметрге қисайғаны белгілі болды. 2020 жылғы шілдеде ҚазҚСҒЗИ жақын тұрған ғимараттарды тексеру нәтижесі бойынша ол үйлерді де нығайтуды керегін хабарлаған.

Сонымен қатар, Алғабастағы ғимараттардың бірінің қасбеті құлаған еді. Онда үйлер мәселесі шешілмеген күйінде қалды.