Қазақстан • 09 Ақпан, 2021

БЖЗҚ-ның инвестициялық кірісі 1,3 трлн теңгеден асты

259 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

БЖЗҚ-дағы салымдарындағы жеткіліктілік шегі туралы мәселе заңдастырылғалы бері қордың инвестициялық кірістілігі мәселе трендке айналды. Сараршылар инвестициялық кірістілік салымшының жиғанын қорына үстеме ретінде шамамен 43  пайызға көбейгенін айтып жатыр.  Мысалы, салымшының жиған қоры 2 млн 600 мың болса, инвестициялық кірісті қоса есептегендегі сома 4 млн 850 мың теңгенің айналасында болатыны белгілі, деп жазады  Egemen.kz.

БЖЗҚ-ның инвестициялық кірісі 1,3 трлн теңгеден асты

Ендеше жыл басынан бергі инвестициялық кірістіліктің   1,3 трлн теңгеден асқаны БЖЗҚ салымына қарап елеңдеп отырған ағайын үшін қуанышты жаңалық: Себебі БЖЗҚ салымы жеткілікті мөлшері бір ретті акция емес, жыл сайын жүргізіледі.  Жинақтаушы зейнетақы жүйесі басталғаннан бері салымшылар алған инвестициялық кіріс 5,5 трлн теңгеден асып, зейнетақы активтерінің 43% -дан астамын құрады.

2020 жылы зейнетақы активтерінің инвестициялық кірістілігі 7,5% инфляциямен 10,92% құрады. Нәтижесінде 2020 жылға нақты кірістілік 3,42% пайыз:

«Зейнетақы жинақтары бойынша 2020 жылы алынған инвестициялық кірістің көлемі 1,3 трлн теңгені құрады. Жинақталған инвестициялық кірістілік 1998 жылдан бастап, яғни жинақтаушы зейнетақы жүйесі жұмыс істей бастағаннан бері 602,9% құрады. Сонымен бірге жинақталған инфляция 496,65% -дан аспады», деді зейнетақы қоры.

Осылайша, соңғы 23 жылдағы зейнетақы активтерінің нақты жинақталған кірісі 2021 жылдың 1 қаңтарына оң болып, 106,25% құрады.

Ұлттық Банк БЖЗҚ-ның зейнетақы активтерінің сенімді басқарушысы болып табылатындығын және оларды Инвестициялық декларацияға сәйкес инвестициялайтынын ескеріңіз. Зейнетақы активтерін инвестициялауға рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесін Үкімет бекітеді.

Зейнетақы активтерін инвестициялаудың негізгі бағыттарын Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару кеңесі айқындайды.

Зейнетақы активтері Ұлттық банктегі БЖЗҚ инвестициялық шотында сақталады. БЖЗҚ салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарындағы (ЖЗШ) жинақталған зейнетақы қаражатының дербестендірілген есебін жүргізеді.

Инвестицияларды басқару нәтижелері және зейнетақы активтері салынған қаржы құралдары туралы ақпарат ай сайын БЖЗҚ-ның ресми сайтында (www.enpf.kz) «Индикаторлар / инвестициялық қызмет» бөлімінде орналастырылады.

«БЖЗҚ зейнетақы жинақтарын алынған инвестициялық кірісті ескере отырып, күн сайын қайта есептейді және қайта бағалайды.

Инвестициялық кірістің мөлшері әртүрлі және көптеген факторларға, соның ішінде инвестициялардың ағымдағы нарықтық құны мен валюта бағамдарына байланысты. Нәтижесінде, инвестициялық табыс жоғарыға да, төменге де өзгеруі мүмкін. Салымшылардың ЖСҚ бойынша инвестициялық кірістің ықтимал теріс ауытқулары қысқа мерзімде байқалады және уақытша болып табылады. Орташа және ұзақ мерзімді перспективада инвестициялардың кірістілігі әдетте оң болады. Сондықтан инвестициялардың нәтижелерін ұзақ мерзімнің, кем дегенде бір жылдың нәтижелері бойынша бағалау дұрыс», деді БЖЗҚ.

Зейнетақы жинақтары туралы ақпарат салымшылардың жеке кабинетінде БЖЗҚ-ның enpf.kz веб-сайтында, БЖЗҚ мобильді қосымшасында, egov.kz порталында қол жетімді.