Сөйлесу барысында М.Тілеуберді Литва тарапына COVID-19 пандемиясымен күрес кезеңінде гуманитарлық және консультативтік көмек көрсеткендері үшін ризашылық білдірді.
Тараптар 2020 жылғы наурызда күшіне енген ҚР мен ЕО арасындағы Кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімнің мүмкіндіктерін іске асырудың маңыздылығын атап өтті.
Сондай-ақ бұл тұрғыда өңдеу өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығы, транзит-көліктік және денсаулық сақтау салаларында, жаңа технологиялар (ЖЭК, қартех, биотехнология) және т.б. салалардағы ынтымақтастыққа сауда-экономикалық бағытты одан әрі белсенді нығайту жолдары айқындалды.
Телефон арқылы сөйлесудің қорытындысы бойынша сұхбаттастар жуық арада екі елдің cыртқы істер министрлерінің орынбасарлары деңгейінде саяси онлайн консультациялар өткізуге уағдаласты.