Олардың өтініштері субсидия алу, жеңілдетілген несиеге қол жеткізу, жер заңнамасына қатысты нормативтік құқықтық актілерді қолдану мәселелеріне байланысты болды.
Оларға құқықтарын қолдану тәжірибесі мен Агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік қолдау шараларына ие болу мүмкіндіктері түсіндірілді.
Бұдан бөлек, шағымын жеткізген азамат та болды. Шымкенттегі аудиторлық компанияның өкілі Ұлжарқын Кемелова өз мәселесі туралы айтып, ауыл шаруашылығы кооперативтерінің ішкі аудитін жүргізу қызметтеріне ақы төлеуден бас тартудың себептерін сұрады.
Министр Сапархан Омаров қойылған барлық сұрақтарға жан-жақты жауап беруге тырысты. Талап етілген жағдайларда, жазбаша сұрақтар мен ұсыныстар жіберуін сұрады. Оларды министр өз бақылауына алатынын айтты.