Үміткерлер интернет арқылы өтінім бере алатын «Мемлекеттік қызметке қабылдау» порталы үшін iqyzmet.gov.kz домендік атауы алынған.
«Мемлекеттік қызметке қабылдау» процесі пилоттық сынақтан өтіп жатыр. Жаңғыртылған процестерді іске асыру нәтижесінде бірқатар нәтижелер күтілуде: мемлекеттік органдардағы барлық кадрлық процестерді оңтайландыру және автоматтандыру, мемлекеттік қызметшінің жұмысына қолайлы жағдай жасау, кадрлық іс жүргізу аясында қалыптасатын барлық құжаттарды электронды форматқа көшіру (немесе автоматтандыру есебінен кейбір құжаттарды құрудан бас тарту), қызметкерлерді басқару процесін бақылау», деді А. Жайылғанова.