Ұлттық банктің монетарлық операциялар департаменті директорының орынбасары Иван Сердюк бүгін журналистермен кездескен кезде пандемияға қатысты тұрақсыз жағдайға қарамастан, инвесторлар қайтадан дамушы нарықтардағы қауіпті активтерге қызығушылық таныта бастағанын айтты.
– Резидент еместердің мемлекеттік қарызға деген сұранысының артуы жергілікті қаржы нарығына және оның инфрақұрылымына деген белгілі бір сенімділікті көрсетеді, - деп атап өтті Иван Сердюк.
2020 жылдың басында шетелдік инвестиция 0,9 млрд теңгені құраса, 2021 жылдың қаңтар айының соңында бұл көрсеткіш 198 млрд теңгені құрағанын қосамыз.
Осы жылдың қаңтар айының соңындағы жағдай бойынша Ұлттық банктің ноталарының 11,45% шетелдіктерге тиесілі.