21 Сәуір, 2010

ЕЛ МЕН ЕЛБАСЫ ҮЛЕСІНЕ ҚҰРМЕТ

633 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Президент поштасынан Мемлекет басшысының атына Солтүстік Қазақстан облысында тұратын соғыс және еңбек ардагерлері А.Х.Рижскихтен, Ж.Ғ.Ысқақовтан, Д.С.Сапаровтан, С.Ф.Башкировтан, С.М.Пресняковтан, Г.В.Кухарьдан, А.Ш.Кәкеновтен, Х.Жүнісовтен, А.С.Решетняктан жеделхат келіп түсті, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі. Ардагерлер “Шығыс-Батыс” институты та­ғай­ындаған Бейбітшілік және алдын алу дипломатиясы сыйлығының Қазақстан Пре­зидентіне тапсырыл­ға­ны туралы хабарды зор қуанышпен қабылдаған­дарын жазады. Жеделхатта былай де­лін­ген: “Біз ұлтаралық ке­лісім мен төзімділікке не­гізделген қазақстандық даму жолын бүкіл әлем мойындап отырғанын мақ­тан етеміз. Бұл Қазақ­стан халқының және оның Президентінің бейбіт­ші­лік­ті сақтауға және ха­лық­тар арасындағы өзара тү­сі­ністікті нығайтуға қосқан үлесіне айрықша құрмет белгісі. Бұл сондай-ақ бей­бітшілік үшін күресіп жат­қандарға деген шынайы ризашылықтың көрінісі. Сіз, құрметті Нұрсұл­тан Әбішұлы, біз үшін жанқияр­лықтың және өз Отанына деген сүйіспен­ші­ліктің өнегесі болып табыласыз! Сіз біздің көшбас­шы­мызсыз – болашақ ұрпақ­тарға өнегесіз! Біздің барлық жетіс­тік­теріміз Сіздің есіміңізбен байланысты. Ардагерлердің атынан Сізді Сыйлықтың тапсы­ры­луымен құттықтай оты­рып, мықты денсаулық, бақыт, Сізге және Сіздің от­басыңызға бақ-береке және Қазақстан халқының игілігі жолында бұдан бы­лай да табыстар тілейміз”.