Коронавирус • 11 Ақпан, 2021

Алматылық дәрігер COVID-19-ға қарсы вакцинация туралы ең көп таралған сұрақтарға жауап берді

395 рет
көрсетілді
8 мин
оқу үшін

Вакцинацияланғандар қандай шараларды сақтау керек, вакцинаны алу кезінде нені ескеру керек, иммунитет қалай қалыптасады - осы және COVID-19-ға қарсы вакцинацияға қатысты басқа да сұрақтарға Алматы қаласы №20 қалалық емханасы бас дәрігерінің орынбасары Маржан Әлиева Алматы ӨКК онлайн-сұхбаты барысында жауап берді.

Алматылық дәрігер COVID-19-ға қарсы вакцинация туралы ең көп таралған сұрақтарға жауап берді

Вакцинацияланғандар қандай шараларды сақтау керек, вакцинаны алу кезінде нені ескеру керек, иммунитет қалай қалыптасады - осы және COVID-19-ға қарсы вакцинацияға қатысты басқа да сұрақтарға Алматы қаласы №20 қалалық емханасы бас дәрігерінің орынбасары Маржан Әлиева Алматы ӨКК онлайн-сұхбаты барысында жауап берді. 
Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылдың ақпан айынан бастап Алматыда COVID-19 вакцинациясы басталды. Бірінші компонентті вакцинациялаумен медицина қызметкерлері қамтылды.
Вакцинация тек бізде ғана емес, бүкіл әлемде жүргізіліп жатыр. АҚШ-та вакцинация қарқынын ұлғайтып, халықтың көп бөлігін қамтымақшы. Израильде қала билігі мұғалімдерге міндетті вакцинация және мектеп сыныптарына тек COVID-19 екпесін алғаннан кейін ғана келу шартын қойды.
Дәрігердің айтуынша, әлемдік тәжірибе эпидемияға қарсы вакцина пандемиядан арылудың жалғыз сенімді құралы екенін дәлелдейді. Халықты коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинациялау кезең-кезеңімен жүргізіледі.
I кезеңде инфекциялық ауруханалардың, жедел медициналық жәрдемнің, РҚТБ, АМСК медицина қызметкерлерін, ауруханалардың қабылдау бөлімдерінің, санэпидқызмет қызметкерлерін - 2021 жылғы 1 ақпаннан бастап 100 000 адамға вакцинациялау жоспарланудаII кезеңде - жалпы білім беретін мектептердің, АОББҰ– ның, ЖОО-ының педагогтері, ведомстволық медициналық қызметтердің медицина қызметкерлері-2021 жылғы наурыздан бастап 150 мың адам.III кезеңде - мектеп-интернат педагогтары, МДББМ, студенттер, созылмалы аурулары бар адамдар - 600 мың адам - 2021 жылғы сәуірден бастап. IV кезеңде – ІІМ, ТЖМ, ҚМ, ҰҚК қызметінің қызметкерлері, басқа стационарлардың медицина қызметкерлері, МДББМ персоналы және созылмалы аурулары бар адамдар - 2021 жылғы мамырдан бастап-600 мың адам.V кезеңде-медициналық – әлеуметтік мекемелердің контингенті мен персоналы, балаларға арналған жабық мекемелердің қызметкерлері және созылмалы аурулары бар адамдар - 2021 жылғы маусымнан бастап 600 мың адам.VI кезеңде - тәуекел тобынан қалған контингент-2021 жылғы шілдеден желтоқсанға дейін 600 мың адамнан.
-Вакцинаның тиімділігі қандай? Вакцинацияланғаннан кейін коронавирус ауруының қаупі бар ма? 
 -  Зерттеулерге сәйкес, Спутник V вакцинасының COVID-19-ға қарсы тиімділігі 91,6% құрайды. Бұл көрсеткішті есептеу "Спутник V" вакцинасының бірінші және екінші инъекциясын немесе плацебо алған 19 866 ерікті бойынша деректер негізінде жүргізілді – қорытынды бақылау кезеңінде COVID-19 расталған 78 жағдай тіркелді. "Спутник V" вакцинасының тиімділігін зерттеу нәтижелері салыстырмалы халықаралық бағалаудан өтті, алынған мәліметтер The Lancet журналында жарияланды. Сондай-ақ, вакцинация бізді короновирустық инфекцияның ауыр түрін жұқтырудан қорғайды. Қазір коронавирустан вакцина қауіпті болуы мүмкін деп санайтындай ешқандай негіз жоқ.

- Ресей ғалымдары Спутник V 1 және 2 типті қант диабеті бар адамдар үшін қауіпсіз деп хабарлады. Алматыда диабетпен ауыратын адамдарды вакцинациялауға тырысады ма, әлде ауру әлі де вакцинациялауға қарсы көрсетілімдер тізімінде ме? 
- ҚР ДСМ 21.10.2020 ж. "Профилактикалық егулер жүргізуге медициналық қарсы көрсетілімдер тізбесін бекіту туралы" бұйрығында қант диабеті вакцинациялау үшін қарсы көрсетілім болып табылмайды.
- Бұған дейін гормондарды қолдану қарсы көрсетілімдердің бірі деп айтылған. Гормоналды контрацептивтерді ішетін әйелдер қалай вакцинацияланады?
- Әртүрлі патологияларда стероидтерді, сондай-ақ иммуносупрессивті қасиеттері бар басқа препараттарды қолдану, сала мамандарының қорытындысынан кейін көрсетілген.
- Вакцинациядан кейін адамдарға қандай ұсыныс берер едіңіз? 
- Бұл жағдайда барлық процедуралар мен дәрі-дәрмектерге рұқсат етілмейді. Вакцинациядан кейін дәрігермен байланыста болу ұсынылады. Вакцинация орнының қызаруы, ісінуі, ауыруы кезінде антигистаминді препараттарды қабылдаңыз. Вакцинациядан кейін дене қызуы көтерілгенде - дәрігердің тағайындауы бойынша стероидсыз қабынуға қарсы дәрілерді қабылдау қажет. Вакцинациядан кейін үш күн ішінде инъекция орнын суламау, саунаға, моншаға бармау, алкогольді ішпеу, шамадан тыс дене жүктемелерінен аулақ болу ұсынылады.- Біз бәріміз вакцинацияның маңыздылығын білеміз және түсінеміз. Бірақ, соған қарамастан, әлеуметтік желілерде кейбір аңыздар таралып кеткен. Солар туралы түсіндіріп өтесіз бе: қайсысы шындыққа жанаспайды (мысалы, чиптеу, вакцина арқылы жұқтыру, кері әсерінің күштілігі және басқалары)- Өмір мен денсаулық жайлы сөз қозғалған жағдайда барлық жаңа нәрсеге күдікпен қарайды, адам тексерілмеген заттан қорқады және өзі арқылы препаратты бірінші болып сынаушылардың қатарынан болғысы келмейді. Бұл топ вирустың қауіпті екеніне сенбейтін коронаскептиктер категориясымен біріктірілген. Тағы бір мотив белгілі бір вакцинацияның белгілі бір қауіптіліг бар деген кейбір адамдардың сенімділігімен, вакцинацияның зиян келтіру үшін тікелей алдау болуы мүмкін деген күдікпен байланысты, вакцинациядан бас тартудың себептері туралы ашығынан сұраған кезде олар: "бұл чиптеу", "мен вакцинация түрінде не жасалатынын білмеймін" және т. б. жауаптар береді. Барлық ықтимал жанама әсерлерді болжау үшін ғалымдар кішігірім сынақтардан бастайды: алдымен үлгілерді зертханаларда сынайды, жануарларға, содан кейін барып адамдарға сынайды. Мысалы, Pfizer және BioNTech вакцинасы жағдайында сынақтарға 40 мың адам қатысты. Бұдан басқа, алынған нәтижелерді қосымша тексеруді реттеушілер жүзеге асырады - мысалы, дәрілік заттар мен медициналық тауарларды реттеу жөніндегі британдық агенттік (MHRA), тамақ өнімдері мен дәрі-дәрмектердің сапасын санитарлық қадағалау жөніндегі американдық Басқарма (FDA) немесе Ресей жағдайында денсаулық сақтау министрлігі.
- Екпе қабылдаған адам басқа адамнан ауру жұқтыруы мүмкін бе? Егер вакцина салдырған адам сақтану шараларын дұрыс ұстанбаса не болады? - Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мамандары бірінші екпе жасалғаннан вакцинацияның екінші кезеңіне дейін басқа адамдармен байланысты мейлінше азайтып, барлық санитария ережелерін сақтауы қажет екендігін де  атап өтуде. Иммунитет біртіндеп қалыптасады, сондықтан осы екі кезең аралығында адам әлсіз, қорғалмаған болып табылады. Ол коронавируспен ауыруы әбден мүмкін.

- Вакцинация жасалғаннан кейін адам профилактикалық шараларды ұстанбаса да болады деген ой айтылып жүр. Осы көзқарас қаншалықты дұрыс? Вакцина алған адамдардың нелерді істемегені дұрыс?
- COVID-19-ға қарсы вакцина, екпе қабылдаған адамның бетперде тағуға, қолғап киюге, әлеуметтік арақашықтықты сақтауға деген қажеттіліктердің күшін жоя алмайды.