21 Сәуір, 2010

БРИТАНИЯ ҮКІМЕТІНІҢ АРНАУЛЫ ӨКІЛІ КЕЛДІ

559 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Британия үкіметінің халықаралық сауда және инвестиция жөніндегі арнаулы өкілі Йорг герцогы ханзада Эндрю Альберт Кристиан Эдвард Виндзорскийді қабылдады. Кездесу барысында Қазақстан-Бри­тания сауда-экономикалық және инвес­тициялық ынтымақтастығын кеңейтудің перспективасы талқыланды, деп ха­бар­лады Қазақстан Республикасы Прези­денті­нің баспасөз қызметі.