Оңтүстік Қазақстан • 12 Ақпан, 2021

Шымкентте 3 млн шаршы метрден астам тұрғын үй салынады

144 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкент қаласында алдағы бес жылда 3 миллион шаршы метрден астам тұрғын үй құрылысы жүргізіледі, деп хабарлайды Egemen.kz

Шымкентте 3 млн шаршы метрден астам тұрғын үй салынады

3 мыңға жуық көп балалы отбасы және әлеуметтік әлсіз топтағы азаматтар баспанамен қамтамасыз етіледі. 

2021 жылы осы жұмыстарды бастауға 51 көп қабатты тұрғын үйлердің құрылысына бюджеттен 11,5 млрд теңге қарастырылды.

Айта кетейік, өткен жылы Шымкент қаласында «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында барлық қаржы көздерінен 1,2 миллион шаршы метрді құрайтын 204 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілді.

Соңғы жаңалықтар