Қазақстан • 12 Ақпан, 2021

Сенаторлар өңдеу өнеркәсібінің дамуын талқылады

75 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сенаттың Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің депутаттары экспорттық және инвестициялық компаниялардың өкілдерімен кездесті.

Сенаторлар өңдеу өнеркәсібінің дамуын талқылады

Сенаторлар өңдеуші өнеркәсіпті қолдаудағы қазіргі шараларға, оның ішінде өңдеу саласындағы отандық кәсіпорындарға несие беруді ұлғайту жөнінде қандай жұмыстар жүргізіліп жатқанына назар аударды.

Комитет төрағасы Дәурен Әділбеков еліміздің дамуында шетелдік инвестицияларды тарту аса маңызды екенін және осыған байланысты заңнаманы жетілдіру үшін жаңа тәсілдерді әзірлеу талап етілетінін атап өтті.

"Өнеркәсіпті одан әрі дамыту үшін сапалы заңнамалық қолдау қажет екенін түсініп те, көріп те отырмыз. Сондықтан, біз үшін заңнамадағы олқылықтардың орнын толтыруға және өңдеуші өнеркәсіп өндірісінің көлемін ұлғайту үшін жаңа тәсілдер әзірлеуге мүмкіндік беретін кері байланыс орнату өте маңызды. Осы жаңалықтардың бәрі "Өнеркәсіптік саясат туралы" жаңа заңда көрініс табуы тиіс", - деді Дәурен Әділбеков.

Депутаттар сондай-ақ "қарапайым заттар экономикасы" бағдарламасы аясында басым жобаларға несие беру тетіктеріне қатысты мәселелерді көтерді, сондай-ақ өңдеу өнеркәсібі жобаларын жеңілдікпен қаржыландыруды қолдану мүмкіндіктерін талқылады.

Кездесу "Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік саясатын заңнамалық реттеу: жай-күйі, проблемалары және шешу жолдары" тақырыбы бойынша Үкімет сағатына дайындық аясында өтті.