Аймақтар • 13 Ақпан, 2021

Атырау тұрғындары қала әкіміне 500-ден астам сұрақ қойды

322 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кеше тұрғындар алдында есеп берген Атырау қаласының әкімі Қайрат Оразбаевқа 500-ден астам сұрақ қойылды, деп хабарлайды Egemen.kz

Атырау тұрғындары қала әкіміне 500-ден астам сұрақ қойды

Қала әкімінің есебі онлайн форматта өтті. Әкімге қала тұрғындарынан алдын ала 160 сұрақ түсіпті. Тікелей эфирде есеп беру кезінде Instagram желісі арқылы 72 сауал беріліпті. Ал 122 сұрақ Facebook желісінде қойылған. Сондай-ақ Whatsapp мессенджерімен 150 берілгені белгілі болып отыр.

Тұрғындарды электр энергиясымен қамту, жеке тұрғын үй секторында балалар алаңын салу, қоршаған ортаны қорғау  секілді баршаға ортақ мәселелер толғандырды.