Тағайындау • 13 Ақпан, 2021

Қайрат Рейімов Қазақстан кәсіпқой бокс федерациясының президенті болды

762 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қайрат Рейімов Қазақстан кәсіпқой бокс федерациясының президенті болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz

Қайрат Рейімов Қазақстан кәсіпқой бокс федерациясының президенті болды

Рейімов Қайрат Ниетбайұлын «Қазақстан кәсіпқой бокс федерациясының» уақытша президенті етіп сайлау туралы шешім 13 бүгін Алматы қаласында «Қазақстан кәсіпқой бокс федерациясы» атқару комитетінің ашық отырысында қабылданды.

Отырыста «Қазақстан кәсіпқой бокс федерациясы» президентінің міндетін атқарушы қызметіне кәсіпкер Реймовтің кандидатурасын Қазақстан кәсіпқой бокс федерациясының құрметті президенті – Серік Қонақбаев ұсынды. Кәсіптік бокс федерациясының атқару комитетінің мүшелері бірауыздан дауыс берді. Қайрат Рейімов кәсіпқой бокс федерациясын дамытудың жаңа тұжырымдамасын ұсынды.

Атап айтқанда, ол федерацияның атқару комитетінің құрамын кеңейтіп, Атқару комитетінің жұмысын жандандырмақ.

Одан өзге, үздіксіз құқықтық және әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етіп, кәсіби боксшылардың денсаулығы мен өмірін Қазақстан аумағында және одан тыс жерлерде жүйелі түрде қадағалау мәселесін назарға алмақ.