Әлем • 14 Ақпан, 2021

Кәсіпкер итіне өсиет етіп 5 млн доллар қалдырған

323 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

АҚШ-тың Теннесси штатындағы кәсіпкер Билл Доррис өлер алдында өзінің итіне өсиет ретінде 5 млн доллар қалдырған, деп хабарлайды Egemen.kz

Кәсіпкер итіне өсиет етіп 5 млн доллар қалдырған

Жергілікті Associated Press басылымы мәлім еткендей, қомақты қаржыға ие болған «Лулу» бордер-колли тұқымынан шыққан.

Осы орайда өсиеттегі қаражат Лулудың атына берілген сенімгерге аударылуы тиіс. 8 жастағы Лулуды марқұмның танысы Марта Бертон қарайтын болды.

Себебі кәсіпкер бұған дейін қаладан кеткен кезде итін оған қарауға тастап кетіп отырған. Ең қызығы, итке қарағаны үшін оған да жалақы қарастырылған. Марта Бертонтың айтуынша, кәсіпкер отбасылы болмаған.