Құжатқа сәйкес тамақтану орындары түн ортасына дейін жұмыс істей алады (бірақ шоттар 23.00-ге дейін жабылуы керек).
Базарлар жұмыс және демалыс күндері істейді, алайда толымдығы 30 пайыздан аспауы тиіс.
Театрлар мен кинотеатрларда да толымдылық осындай болуы керек.
Сауна, санаторий және бассейндерге де рұқсат етіледі.
Қызметкерлер саны 20 және одан көп ұйымдар қызметкерлерінің кемінде 50 пайызын қашықтықтан жұмыс режиміне көшіруге тиіс.
Сондай-ақ 50-ге жуық адамның қатысуымен мәдениет объектілері мен концерт залдарының қызметіне рұқсат етілді.
Қалааралық/облысаралық тұрақты автобустарда отыратын орын санының 75 пайызына дейін толымдықпен қатынауына рұқсат етіледі.
Сондай-ақ балаларды түзету кабинеттерінің, балалар мен ересектердің білім беру орталықтарының және білім алушылар саны бес адамнан аспайтын оқыту үйірмелерінің жұмысына рұқсат берілді.
Алматының бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы 15 ақпанда күшіне енеді.