Аймақтар • 15 Ақпан, 2021

Қауіпті індетпен күрес күшейе түсті

156 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бүгінде Жамбыл облысында коронавирус індетін жұқтырудың 5 709 жағдайы тіркеліп, 100 мың тұрғынға шаққанда науқастар көрсеткіші 501,4-ті құрап отыр. Ал пневмонияның 1 329 жағдайы анықталған. Тіркелген жағдайлардың ішінде 2 692 науқас симптомды, 3 017 науқас симптомсыз болып отыр. Өңірде қабылданған жедел шаралардың нәтижесінде 5 383 азамат қауіпті індеттен жазылып шыққан. Алайда өкінішке қарай, коронавирус індетінен 64 адам қайтыс болған.

Қауіпті індетпен күрес  күшейе түсті

Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметін­ше, коронавирус індетін жұқтыру көрсеткіші Тараз қаласында өр­шіп тұр. Бүгінгі таңда облыс ор­та­лығында 2 772 дерек тіркел­ген. Ал Байзақ ауданында – 385, Жамбылда – 301, Жуалыда –199, Қордайда – 652, Т.Рысқұловта – 199, Меркіде – 188, Мойынқұмда – 109, Сарысуда – 196, Таласта –138 және Шу ауданында 395 жағдай анықталған. Сонымен қатар әскерге шақырылушылар арасы­нан 125 жағдай, өңірге келу­ші басқа облыс тұрғындары ара­сы­нан 50 жағдай тіркеліп отыр.

Қауіпті індеттің алдын алу және өңір тұрғындарының өмірін сақтап қалу мақсатында Жам­был обл­ысы бойынша инфек­циялық ста­ционарда 1 200 төсектік орын да­йын­далған. Сондай-ақ каран­тин­дік стационарда 15 тұл­ға бар. Олар Байзақ аудандық ор­талық ауру­ханасына, Қордай ауданы Қор­дай ауылындағы «Керемет» қона­қ­үйіне және Т.Рысқұлов аудан­дық орталық ауруханасына орна­лас­­ты­рылған. Ал 2 405 тұрғын үй жағ­­дайындағы карантинге жат­­қы­зыл­са, осы уақытқа дейін ка­ран­­тин­нен 16 мың 439 азамат шыға­рылған.
Сонымен қатар өңірдегі қо­ғам­­дық орындарда талап мей­лін­ше күшейтілген. Қауіпті ін­дет­пен күресте аудандарда да тиісті шаралар қолға алынуда.

Жамбыл облысы