Нұр-Сұлтанда Samruk Business Forum атты «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры ұйымдастырған отандық кәсіпкерлерді қолдаудың екінші форумы өтті. Жиынға Президент Қасым-Жомарт Тоқаев, Премьер-Министр Асқар Мамин, Президент әкімшілігінің басшысы Ерлан Қошанов пен Үкімет мүшелері, «Самұрық – Қазына» қорының басқарма төрағасы Ахметжан Есімов және өзге де бизнес-қауымдастық өкілдері қатысты.

2018 жылдан бастап қор ұзақ мерзімді оффтейк-келісімшарттар жасай отырып, Қазақстанда баламасы жоқ жаңа өндірістер құруды ынталандыратын импортты алмастыру бағдарламасын іске асырып келеді. Бұл ретте отандық кәсіпкерлерге елімізде өндірісті жолға қою ұсынылса, қор өз тарапынан оларды орта мерзімді перспективада сатып алуға кепілдік береді.
Жиында сөз алған қор төрағасы Ахметжан Есімов пандемия кезінде отандық өндірушілерді қолдау және сатып алу жүйесін жетілдіру бойынша қор қабылдаған шаралардың тиімділігін атап өтті. «Пандемияға дейін өткен жылдың қаңтар айында қордың отандық өндірушілерді қолдау жөніндегі іс-шаралар кешенін жүзеге асыру туралы қабылдаған шешімі, біріншіден, уақтылы, екіншіден, шын мәнінде нәтижелі болды. Бұл бізге қазақстандық өндірушілерді қолдаудың қалыптасқан жаңа моделі туралы айтуға толық негіз береді, оның аясында елдегі іскерлік белсенділікті ынталандыру бойынша бірнеше жоба іске асырылуда», деді А.Есімов.
Сондай-ақ қор төрағасы «сатып алуды санаттық басқаруды» енгізудің тиімділігін атап өтті. Сатып алудың бұл түрі тауарлардың белгілі бір түрлері бойынша компаниялардың жалпы қажеттілігін шоғырландыруға және жеткізушілер пулын анықтауға мүмкіндік береді. Бұл тетік тек өндірушілерден ғана сатып алуды қамтамасыз етіп, делдалдардың қатысуын болдырмауға ықпал етеді. 2018-2020 жылдар аралығында 37 қазақстандық өндірушімен 246 млрд теңгеге серіктестік туралы стратегиялық келісімдер жасалды. Сатып алуды стратегиялық басқаруды іске асырудан қор компаниялары тобының экономикалық пайдасы 69 млрд теңгені құрады.
Қор бір көзден сатып алу негіздерін қайта қарастырып, бәсекелес ортаны кеңейту арқылы қазақстандық өндірушілерді қолдауды жүзеге асырады. Қор бір көзден сатып алу негіздерін қайта қарады және оларды 37 пайызға азайтты. Ал холдингішілік сатып алу бойынша позициялар 4500 позициядан 207-ге дейін, яғни 22 есеге қысқарды. Іске асырылған кешенді шаралардың нәтижесі 280 мың адамды жұмыспен қамтуға мүмкіндік берді. Қор тапсырыстары есебінен салық төлемдерінің көлемі шамамен 170 млрд теңгеге жеткен. Қор компанияларының 410 млрд теңгені үнемдеуі – қабылданған шаралардың тікелей қаржылық нәтижесі.
Жоғарыда аталған тетіктермен қатар, қор пандемия кезінде «Атамекен» палатасымен бірлесіп, кәсіпкерлерді нақты қолдау шараларын қабылдады. Жобалық құжаттаманы жобалау кезінде қазақстандық өнімді міндетті түрде қолдану, мердігердің қазақстандық материалдарды қолданбағаны үшін айыппұл түріндегі жауапкершілігін белгілеу, кемінде 30% мөлшерінде алдын ала төлемнің қарастырылуы және оны төлеу мерзімін 10 күнге дейін қысқарту – оның бір айғағы. Одан өзге сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету, кәсіпкерлер үшін барынша ашық процедураларды қалыптастыру мақсатында қызметтерді цифрландыру шаралары қабылданғанын атап өткен жөн.
Қабылданған шаралар ел экономикасы үшін күрделі кезеңде отандық кәсіпкерлікті қолдауға мүмкіндік берді. «Қарапайым заттар экономикасы» салалары бойынша көрсеткіштер – осының бір айғағы. Мәселен, 2020 жылы отандық кәсіпкерлерден сатып алу үлесі 83%-ды құрады, бұл көрсеткіш 2019 жылы 45%-ға тең болған. Машина жасау саласы 30%-дан 79%-ға, яғни 2 есе артты.
Қор басшысы ел Президентіне тұралап қалған өндірістерді қолдауға бағытталған жаңа жобаны таныстырды. Бұл жобада қорға қарасты компаниялар тобының қажеттілігі үшін тауарларды сатып алу үшін тікелей шарт жасау қарастырылған. Бұл бағытта жергілікті атқарушы органдармен бірлесе өндірген тауарын өткізе алмай жүрген кәсіпорындардың тізімін қалыптастыру ұсынылып отыр. Сол арқылы қор тобындағы компаниялар қажетті тауарларды сатып алса, кәсіпорындар жұмыс орындарын сақтап қалады және өндірістік қуаттылықтарын арттырады. Бұл әдіс бойынша 37 кәсіпорынға жасалған алдын ала талдау қолдау нақты көрсетілген кезде өндірістік қуаттылықтардың жүктемесі 35-тен 85%-ға дейін артатынын, тұралап қалған 1 900 жұмыс орны қалпына келтіріліп, жаңа 780 жұмыс орны құрылатынын көрсетіп отыр. Қосымша салық аударымдарының көлемі 5,5 млрд теңгені құрайды.
«Анталия-Ташкент» рейсінің жолаушылары ұшақ бортында төбелесті
Оқиға • Бүгін, 14:12
Павлодар облысында ауыл тұрғынынан алкоголь тәркіленді
Оқиға • Бүгін, 14:01
Президент Армения премьер-министріне көңіл айту жеделхатын жолдады
Президент • Бүгін, 13:55
Қазақстандық зілтеміршілер Ислам ойындарында 10 медаль иеленді
Ауыр атлетика • Бүгін, 13:38
Головкин Канеломен жекпе-жек алдында мәлімдеме жасады
Бокс • Бүгін, 13:14
СҚО-да жеті айда 129 интернет-алаяқтық тіркелді
Қоғам • Бүгін, 12:53
Емханаларда көрсетілетін консультация-диагностика қызметтерінің саны артты
Медицина • Бүгін, 12:47
Жамбыл облысында героин сатқан тұрғын ұсталды
Оқиға • Бүгін, 12:33
Алдағы күндері ауа райы қандай болады
Ауа райы • Бүгін, 12:26
Елорда әкімі мердігерге ЖЭО-3 құрылысын аяқтауды тапсырды
Қоғам • Бүгін, 12:13
Қарағанды мешітінде ұрлық жасаған жас жігіт ұсталды
Қоғам • Бүгін, 12:05
Елордалық бес кикбоксер Ислам ойындарының финалына шықты
Елорда • Бүгін, 11:52
Қызылордада ірі есірткі алқабы жойылды
Аймақтар • Бүгін, 11:45
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің жаңа төрағасы таныстырылды
Қазақстан • Бүгін, 11:34
Елордада кезекті бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті
Елорда • Бүгін, 11:28
Магистратураға түсуге 17 мың талапкер өтініш берді
Білім • Бүгін, 11:18
Алматыда көпқабатты үйден әйел құлап кетті
Оқиға • Бүгін, 11:07
Дизельді заңсыз тасымалдаған қызылордалық сотталды
Аймақтар • Бүгін, 11:00
Қоғам • Бүгін, 10:53
Бірқатар өңірде Бала құқықтары жөніндегі уәкіл тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 10:40
Нұр-Сұлтан дәріханаларында есірткі сатылып келген
Елорда • Бүгін, 10:34
Коронавирус жұқтырған 37 науқастың жағдайы ауыр
Коронавирус • Бүгін, 10:27
Өскеменде жоғалып кеткен әйел табылмай жатыр
Оқиға • Бүгін, 10:15
Қытайда аптап ыстыққа байланысты қауіптің қызыл деңгейі жарияланды
Әлем • Бүгін, 10:02
Мемлекет басшысы Сингапурға ресми сапармен барады
Қазақстан • Бүгін, 09:47
Юлия Путинцева Цинциннати турнирінде жеңіліп қалды
Теннис • Бүгін, 09:35
17 тамызға арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 09:23
Ішкі істер министрлігіне қарасты ЖОО басшылары жауапқа тартылды
Қазақстан • Бүгін, 09:17
Ерлан Ыдырысов қызметінен босатылды
Президент • Бүгін, 09:03
Елімізде тағы 1 104 адам коронавирус жұқтырды
Коронавирус • Бүгін, 09:00
Спорт • Бүгін, 08:40
Спорт • Бүгін, 08:38
Спорт • Бүгін, 08:35
Өнер • Бүгін, 08:33
Таным • Бүгін, 08:30
Жұқпалы індеттен абай болған абзал
Медицина • Бүгін, 08:28
Қаржы • Бүгін, 08:25
Қос ауданда өткен азаматтық қабылдау
Саясат • Бүгін, 08:23
Мемлекеттік сыйлық: Үміткерлер іріктелді
Қазақстан • Бүгін, 08:21
Саясат • Бүгін, 08:20
Ұқсас жаңалықтар