Қоғам • 15 Ақпан, 2021

Анасына әдепсіздік танытқан ұлға айыппұл салынды

325 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Успен ауылының тұрғыны ұлының әдепсіздігіне шағымданды, деп хабарлайды Egemen.kz Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Анасына әдепсіздік танытқан ұлға айыппұл салынды

Фото: Константин Шелков

«Тұрмыс» жедел-алдын алу іс-шарасы барысында Павлодар облысы Успен ауданының полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы отбасылық-тұрмыстық саладағы бұзушылық фактісін анықтады.

- Ауланы аралау кезінде Успен ауылының тұрғыны полицейге өзінің 35 жасар ұлының мінез-құлқына шағымданды. Ол анасын дөрекі сөйлеп, балағат сөздер айтады. Бұл азамат аталған факті бойынша қайтадан жауапқа тартылып жатыр, - деді Павлодар облысы Успен ауданының полиция бөлімі басшысының бірінші орынбасары Әсет Садықов.

Осыған байланысты полиция қызметкерлері ер адамға қатысты ҚР ӘҚБК 73-бабының 2-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырды. Сондай-ақ құқық бұзушының мінез-құлқына сот белгілеген ерекше талаптарды бұзғаны үшін ҚР ӘҚБК 669-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.