23 Сәуір, 2010

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СЫЙЛЫҚ

941 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қазақ ғалымдарының жетістіктерін өзге мемлекеттердің оқымыстылары бағалап қана қоймай, мәртебелі сыйлық­тарын бе­ріп жатады. Соның бірі – дүние жүзіндегі 50-ден астам мемлекеттің өкілі қатысып шешетін “Кәсібім – өмірім” атты сыйлық Е.Бөкетов атындағы ҚарМУ-дің зоология кафедрасының меңгерушісі, биология ғылымдарының докторы, профессор Нұркен Мырзах­метұлына берілді. Оныншы мәрте атанып отырған сый­лық­қа биыл әлемнің 374 оқымыс­тысы ұсы­нылыпты. Солардың ішінен санау­лысы ғана мәре сызығынан көрі­ніпті. Қазақ ғалы­мы медицина және биология сала­лары бойынша ұзақ жыл­дан бері зертте­ген еңбектерінің нәтижесі бойын­ша қол жеткізіпті. Сый­лықты тапсыру рәсімі тая­уда Мәс­кеу қаласында өтті. Ха­лық­аралық сыйлықты еншілеген про­фессор бұл маған ғана көрсетілген құрмет емес, қазақ ғылымының жетістігі деп білемін, дейді. Сүлеймен МӘМЕТ.