Тұрғын үй құрылысында биылдың бірінші айында 801 мың шаршы метр баспана пайдалануға берілді, деп хабарлайды Egemen.kz

Бұл туралы Үкімет отырысында қаңтар айындағы елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы тақырыбын талқылау кезінде ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов мәлім етті.
«Құрылыс саласында нақты көлем индексі 2021 жылдың қаңтар айында 107 пайыз болды. Барлық өңірде оң динамика байқалады. Тұрғын үй құрылысында биылдың бірінші айында 801 мың шаршы метр баспана пайдалануға берілді. Яғни, 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 109,4 пайыз болды», деді министр.
Оның айтуынша, еліміз бойынша барлығы 6 810 баспана пайдалануға берілді. Бұл көрсеткіш 16 өңірде артты.
«Өткен жылмен салыстырғанда тұрғын үйді пайдалануға беру көлемі 16 өңірде артты. Тек Маңғыстау облысында тиісті көрсеткіш 67,6 пайызды құрады. Жалпы биыл елімізде 17 млн шаршы метр тұрғын үй салынады. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес тұрғын үй құрылысы кезінде жергілікті қамту үлесін арттыруға тиіспіз. Бұл бизнес үшін құрылыс материалдарының отандық нарығын дамытуға қосымша мүмкіндік береді», деді Б.Атамқұлов.
«Саладағы қажеттілікті айқындау мақсатында негізгі 24 позиция бойынша құрылыс материалдары нарығына талдау жүргізілді. Бүгінгі таңда отандық өндірушілер 10 тауар позициясы бойынша ішкі нарықтың қажеттілігін толығымен өтей алады (темір-бетон бұйымдары, құрғақ қоспа, қабырға блоктары, кірпіш және т. б.). 11 позиция бойынша еліміздің кәсіпорындары шамамен 50 пайызды қамтамасыз етеді (жылу оқшаулау, профиль қаңылтыр, пластик құбырлар және т. б.). Ал линолеум, түсқағаз, санфаянс сияқты 3 позиция бойынша ішкі нарықта әзірге өндіріс жоқ», деді ведомство басшысы.
Алматыдағы 3 жолайрықтың құрылысы келесі жылы аяқталады
Аймақтар • Кеше
«Астрахань-Маңғыстау» су құбыры күрделі жөндеуді талап етеді
Аймақтар • Кеше
Маңғыстауда 10 мектептің директоры айыппұл төледі
Аймақтар • Кеше
«Ақ қауырсын» әдеби сыйлығының иегерлері анықталды
Аймақтар • Кеше
Референдум барысын 39 халықаралық байқаушы қадағалайды
Референдум-2022 • Кеше
Алматы метросында сейсмикалық станциялар орнатылды
Аймақтар • Кеше
Президент Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасын қабылдады
Президент • Кеше
«Тобылдың» жаңа бас бапкері тағайындалды
Футбол • Кеше
Биыл Атырауда 185 баланы күйік шалған
Аймақтар • Кеше
Қарағанды облысындағы тас жолда браконьер ұсталды
Аймақтар • Кеше
Елордада Ulttyq Onim көрмесі ашылды
Елорда • Кеше
Қазақстанға Омбы облысының бизнес делегациясы келді
Бизнес • Кеше
Қаржы • Кеше
Бүгін қазақстандық хоккейшілер Словакияға қарсы ойнайды
Хоккей • Кеше
Бізге атом электр стансасы керек - Энергетика министрі
Қазақстан • Кеше
Ақжайық резерватының аумағында өрт болды
Қазақстан • Кеше
Ғылым сарапшылары референдумның маңыздылығын талқылады
Референдум-2022 • Кеше
Мемлекеттік сатып алуды рәсімдеу уақыты қысқарады
Қоғам • Кеше
ДДҰ Қытайдың COVID-19-ға қарсы үшінші вакцинасын мақұлдады
Коронавирус • Кеше
Бір тәулікте 263 мың адам инфекция жұқтырған
Әлем • Кеше
Ауыл мектептері заманауи жабдықтармен қамтылады
Білім • Кеше
Майнинг фермалар ұлттық электр жүйесінен бөлінуі мүмкін
Қазақстан • Кеше
Үкімет 717 инвестициялық жобаның пулын құрды
Қазақстан • Кеше
GAP қаржы пирамидасына қатысты тергеу басталды
Аймақтар • Кеше
Ерлан Қарин Қазақстан саясаттанушыларының Х Конгресіне қатысты
Қазақстан • Кеше
Ақтөбеде жол апатынан екі адам қаза тапты
Аймақтар • Кеше
Ұқсас жаңалықтар