Спорт • 16 Ақпан, 2021

Дмитрий Попко Италиядағы турнирді сәтті бастады

128 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық Дмитрий Попко Италиядағы Бьелла челленджер турнирін сәтті бастады. Бұл туралы Egemen.kz Қазақстан теннис федерациясына сілтеме жасап хабарлайды.

Дмитрий Попко Италиядағы турнирді сәтті бастады

Дүниежүзілік рейтингте 170-орында тұрған Д.Попко алғашқы айналымда әлемнің 88-інші, осы доданың 2-ракеткасы, америкалық Себастьян Кордамен күш сынасты.

Қазақстандық теннисші 6:4, 6:3 есебімен екі партияда жеңіске жетті. Бәсеке 1 сағат 10 минутқа созылды. Д.Попко ширек финалға шығу үшін әлемнің 187-ракеткасы, латвиялық Эрнест Гулбис немесе рейтингте 373-сатыдағы италиялық Рауль Бранкаччионың біреуімен таласады.

Айта кетейік, Италиядағы дода 21 ақпанда аяқталады.