Отбасы аллеясының жанындағы иттерге арналған алаңды абаттандыру бойынша эскиз әзірлеу жұмыстары жүргізілуде. Аталған орын Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының меншігінде. Алдағы уақытта сметалық құжаттама дайындалып, қаржы қаралған жағдайда абаттандыру жұмыстары қолға алынады.
Аталған ит ойнақ жерінің көлемі – 1538 шаршы метр. Онда күнделікті шамамен 30-35 тұрғын иттерімен серуендейді. Және аумағында 21 көпқабатты тұрғын үй орналасқан.
Қала әкімі Мұрат Әйтенов Отбасы аллеясын абаттандыру арқылы «Қарасу» шағынауданы тұрғындарының серуендеуіне қолайлы орта қалыптасатынын айтты.