Қоғам • 17 Ақпан, 2021

Жергілікті медианы қалай сақтаймыз?

195 рет
көрсетілді
7 мин
оқу үшін

НЬЮ-ЙОРК. Коронавирус дағдарысы тағы бір мәрте нақты, сенімді және анық ақпаратқа жаппай қол жеткізудің маңызын тағы бір мәрте көрсетіп берді. Пандемия кезінде әлемнің түкпір-түкпіріндегі халық вирустың өзін ғана емес, оның экономика мен қоғамға әсерін түсінуге көмектесетін сенімді жаңалықтар көздерін қажет етті. Бұл ақпаратты жинайтын, тексеретін және жеткізетін адамдар бұрын-соңды кездеспеген ауыртпалыққа тап келді. Алда-жалда келесі дағдарыс бастала қалса, сенім білдіретін медиа өкілдерінің азайып бара жатқаны – қауіпті үрдіс.

Жергілікті медианы қалай сақтаймыз?

Пандемия кезінде зардап шек­­кен басқа салалардан айыр­ма­шы­лығы сол, журналистикаға сұра­ныс аса қатты төмендеген жоқ. Керісінше, «Нильсен» компаниясы келтірген деректерге сүйенсек, дағдарыс кезінде үйде отыру медиа өнімдерін тұтыну­дың шамамен 60 пайызға өскенін көрсетіп отыр. Шынында да, АҚШ-та бұқаралық ақпарат құрал­дарын тұтыну 2020 жылы ең жоғары деңгейге жетті. Әсі­ресе, жаңалықтар бөлімін қара­ғандар саны артты.

Дәл осындай үрдіс бүкіл әлем­де байқалады. Пандемия ке­зін­де Солтүстік Азиядағы бүкіл бұқаралық ақпарат құралы­на жүргізілген зерттеуге сүйенсек, Жапонияда онлайн жаңа­лық көздерін пайдаланудың күрт өс­кені анықталды. Өйткені коро­на­вирусқа қатысты алаңда­ған жұрт сайттарға үңілген. Тай­вань мен Оңтүстік Кореяда жаңа­лық тарататын арналарда теле­көрер­мендер саны көбейген.

Сұраныстың өсуіне қарамас­тан, кірістің азаюына байланыс­ты 2020 жыл көптеген жергілікті редакцияға оңайға соққан жоқ. Фрилансер журналист Каамил Ахмед былтырғы көктемде атап өткендей, шығындардың артқаны соншалық, бұқаралық ақпарат құралдарының ақыры бас­талуы мүмкін. Ол дамушы елдер­дегі жағдай туралы сөз қозға­ған. Бірақ мұндай қауіп АҚШ сияқ­ты дамы­ған мемлекеттерде де күн тәр­тібінен түскен жоқ.

Әйтсе де, жақсы жаңалық бар. Әріптестеріммен бірге Конрад – Аденауэр атындағы қор­дың тапсырысымен бірлесіп жаса­­ған жаңа зерттеуіміз көрсет­кен­­дей, көптеген елде қолға алын­­ған бастамалар редакциялар­ды нығайтуға көмектесе алады. Бұл ба­ғыттағы жұмыс төрт санат­қа бө­лінген. Жеке қар­­жы­лан­дыру, мем­лекеттік субси­дия­­лар, жаңа биз­нес модельдер және тех­но­ло­гия­лық платфор­ма­лардың қол­дауы. Барлығы пай­далы. Деген­мен ұзақ мерзім­де кейбіреуінің бас­­­қа­­ларға қарағанда маңызы жоғары.

Жеке қаржыландыру тұрғы­сы­­нан келсек, Google News Ini­tiative, Пулитцер орталығы және Ин­терньюс сияқты ұйым­дар, сон­дай-ақ мемлекеттік органдар пан­демия кезінде жедел көмек қор­ларын құрды. Мұндай көмекке жүгін­гендердің көп екенін ескерсек, жеке гранттар жеткіліксіз бо­лып отыр. Сондай-ақ журна­лис­тикаға кең көлемді, жан-жақты және халық­аралық бағыттағы стратегияны қамтитын жаһандық «Маршалл жоспары» қажет.

Кейбіреулер мұны мойындай­ды. Медианы дамыту саласының танымал сарапшылары донорларды үйлестіруге, қаржыландыруды кеңейтуге және БАҚ институттары мен басылымдарына қолдау көр­­­­сетуге кірісті. Мысалы, Ха­лық­­­ара­лық медиаға көмек көр­сету ор­талығының қызметкері Марк Нельсон және BBC Media Ac­tion өкілдері Джеймс Дин мен Ма­ха Таки құны миллиардтаған дол­­­ларды құрайтын Қоғам мүд­де­­сі халық­аралық медиа қорын на­­­­си­­­­хат­тап жүр. Аталған баста­ма оң­­түс­­­тік жарты шардағы ел­дер­дің жур­­­­­налистикасын дамытуға үкі­­­мет­­­­тің көмегін көрсетуіне арналған.

Бірақ медиаалаңдағы үл­кен өз­герістерді ескере отырып, жер­­гі­лік­ті жаңалықтардың өмір­­шең­дігін сақтау үшін жоғарыда атал­ған бастамалар қан­­­ша­лықты көлемді болға­нына қара­мас­тан, әлі де жеткілік­сіз. Медиа кәсіпкер Ивонн Леу атап өткен­дей, техноло­гия­лық компаниялар сияқты, бұқ­ара­лық ақпарат құралдары ин­вес­тор­лардың ақыр соңында тұрақ­ты­лыққа жетуіне көмектесуге дайын мықты желі­лерді құруы керек.

Осыны ескерген «Америка үшін есеп беру» жобасының не­гі­зін қалаушы Стив Уолдман Амери­каның шамамен 6700 жеке­меншік газетін қоғамға негіз­делген және қаржылық тәуел­сіз институттарға айналдыруға бағытталған бастама көтерді. Ол үміткерлердің жарияланым­дарын анықтайтын және олардың қар­жылық тәуелсіздігі мен қа­уым­­дастық қажеттіне жауап бе­руі үшін корпоративтік құ­ры­­­лым­дарын қайта құратын ком­­мер­­циялық емес қор құруды ұсынды.

Жергілікті журналистиканы қолдауда тікелей мемлекеттік қаржыландырудың да рөлі бар. Тағы да ерекше ұсыныстар жасалды. Аустралия, Норвегия және Сингапур секілді елдерде журналистиканы қоғамдық игілік ретінде қарастырған. Пандемия кезінде БАҚ пен фрилансерлерге субсидия берілді. Бірақ бұл шаралар қажеттілікке қарай берілгендіктен, жеткілікті емес.

АҚШ-та тәуелсіз журналистиканы қолдау әлсіз. Өз кезегінде, жур­налистер де үкіметтің ара­ласуын құптай бермейді. Бірақ жергілікті жаңалықтар мен сапалы репортаждарды қар­жы­лан­дыруға көмектесетін заң жо­басы қазіргі таңда талқы­ла­­нып жатыр. Мысалы, өткен шілде айында Конгреске енгізілген «Журналистиканың тұрақтылығы туралы жергілікті заңда» жергілікті газеттерге жазылу құны 250 долларды құрағанда қайтарылмайтын салық жеңілдіктері қарастырылған. Заң жобасында қазірдің өзінде 78 қосалқы демеуші көрсетілген.

Сонымен қатар Free Press-тің негізін қалаушы Роберт Мак Кесни «Жергілікті журналис­тика бастамасының» жобасын әзір­леп жатыр. Онда жергілікті ком­­мерциялық емес журналис­тиканы қолдау үшін бір адамға 100 доллар қаражат бөлу қарас­тырыл­ған. Осы жоспарға сәйкес, үкімет АҚШ-тың пошта қыз­меті арқылы жоғары табысты тех­но­логиялық компаниялар сата­тын жарнамаларға салынатын аз салық есебінен қаражат жинай­ды. Осылайша, бұл тәсіл Big Tech-тің залал келтірген саласын қолдауға қажетті көмекті көрсетеді.

Бірақ ең үлкен жаңалық – Аустралияда бұқаралық ақпарат құралдары мен технологиялық алпауыттар арасындағы текетіресті төмендетуге арналған жаңа бас­тама ұсынылды. Экономист Род Симс басқаратын елдегі бәсе­келестік органы жаңа кодекс әзірледі. Егер құжат қабылданса, Google мен Facebook-тен өздері таратқан жаңалықтарға төленетін ақыны арбитраж белгілейді. Африкадан бастап, Еуропа мен АҚШ-қа дейінгі мемлекеттер бұл бастаманы мұқият бақылап отыр.

Қиын-қыстау кезеңде батыл әрекет қажет. Қазіргі таңда журналистика үшін «не бел, не белбеу кете­тін» сәт. Бірақ жаңалықтар ин­дус­­триясы пандемияға дейін де қиын жағдайды бастан өткерді. Егер мемлекеттер қиын­дыққа төзім­­ді жергілікті жаңалық­тар эко­­­ж­үйесін құруға және дамы­туға көр­се­тілетін қолдау тәсілін өзгерт­песе, түбінде қоғамға қажет сенімді және тек­се­рі­летін ақ­паратты табу қиынға соғады.

 

Аня ШИФРИН,

Колумбия университетінің Халықаралық және қоғаммен байланыс мектебінің аға оқытушысы 

Copyright: Project Syndicate, 2021.

www.project-syndicate.org