Павлодар облысы аумағында 2018-2019 жылдар аралығында бір топ тұлға «өзара есеп айырысу» туралы жалған бухгалтерлік құжаттарды жазып берумен айналысқаны анықталды. Осылайша, ұйымдасқан қылмыстық топ контрагент-кәсіпорындарға салық төлеуден жалтаруда көмек көрсетіп, нәтижесінде мемлекетке 1 млрд. теңгеге жуық шығын келтірілді.
Аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеу ісі басталды, оның шеңберінде айыпталушылардың басқа қылмыстық құқық бұзушылықтарға қатысты болуы (мемлекеттік сатып алуды өткізу кезінде бюджет қаражатын жымқыру, қылмыстық жолмен алынған кірістерді (мүлікті) заңдастыру, сондай-ақ шетелге капиталды шығару) тексерілуде.