Аймақтар • 17 Ақпан, 2021

«Астанаэнергосбыт» компаниясына 4,6 млн теңге айыппұл салынды

206 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Нұр-сұлтан қаласы бойынша департаменті «Астанаэнергосбыт» ЖШС-ның заңсыз әрекеттеріне қатысты Нұр-Сұлтан қаласының «Ишим» ТК тұрғындарынан келіп түскен өтініштерінің негізінде, Елорда тұтынушыларының құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында, «Астанаэнергосбыт» ЖШС-ның қызметіне 2020 жылғы желтоқсан мен 2021 жылғы қаңтардағы жылумен жабдықтау қызметі бойынша есептеулердің негізділігі бөлігінде жоспардан тыс тексеру жүргізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Астанаэнергосбыт» компаниясына 4,6 млн теңге айыппұл салынды

Жоспардан тыс тексеру барысында, Департамент «Ишим» ТК тұтынушыларына (тұрғындарына) 2020 жылдың желтоқсан айында Нұр-Сұлтан қаласының Ә.Бөкейхан көшесі 2 үй бойынша жылу энергиясын есепке алу аспаптарының деректері бойынша көрсеткіштердің болмауы бойынша жылу энергиясын есепке алу бойынша есептеулер жүргізген кезде «Астанаэнергосбыт» ЖШС Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 367-2307 қаулысымен бекітілген есептеу құралы жоқ тұтынушылар үшін тұтыну нормалары бойынша белгіленген төлем мөлшеріне сүйене отырып, жылумен жабдықтау үшін есептеу жүргізді.

Осылайша, тұтыну нормаларына сәйкес, 2020 жылғы желтоқсанда «Есіл» ТК тұрғындарының жылыту төлемі 131,47 теңге/ш. м. мөлшерінде 4 597 523 теңгені құрады.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 24 маусымдағы № 58 бұйрығымен бекітілген Жылу энергиясымен жабдықтау жөнiндегі қызметтердi көрсетуге арналған үлгілік шартының 10-тармағына сәйкес тұтынушының кінәсінан есепке алу құралдарының көрсеткіштерін алу мүмкін болмаған кезде және егер бұл ретте тұтынушы энергия беруші ұйымға өзі жұмсаған жылу энергиясының мөлшері туралы мәліметтерді ұсынбаса, энергиямен жабдықтаушы ұйым нақты тұтыну бойынша кейіннен қайта есептеуді жүргізе отырып, өткен жылдың осындай кезеңіндегі Тұтынушының жылу энергиясының орташа тәуліктік шығысы бойынша көрсетілген кезеңдер үшін есеп айырысуды жүргізуге құқылы. Тұтынушының кінәсінан есепке алу аспаптарының көрсеткіштерін алудың мүмкін болмауы Өнім берушінің журналында тиісті жазбамен расталады.

«Ишим» ТК тұрғындарының 2020 жылдың желтоқсан айында жылу энергиясының орташа тәуліктік шығысы бойынша төлемі өткен жылдың сәйкес кезеңінде 1 580 237 теңгені құрауы тиіс еді.

Демек, «Ишим» ТК тұрғындары 2020 жылдың желтоқсан айында жылыту үшін артық төлем сомасы 3 017 286 теңгені құрады.

Жоғарыда аталған әрекетпен «Астанаэнергосбыт» ЖШС-ы «Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабы 2-тармағы 3), 5) тармақшаларын бұзды, оған сәйкес табиғи монополия субъектісі осы Заңға сәйкес бекітілген тариф бойынша реттеліп көрсетілетін қызметті ұсынуға, тұтынушыларға реттеліп көрсетілетін қызметке қолжетімділіктің тең жағдайларын ұсынуға міндетті.

Жоспардан тыс тексеру қорытындысы бойынша «Астанаэнергосбыт» ЖШС-ы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 164-бабының 4-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған 4 667 200 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Сондай-ақ, «Ишим» ТК тұрғындарына жылу энергиясымен жабдықтау қызметтері үшін 2020 жылдың желтоқсан айында есептеулерді қайта есептеу арқылы 3 017 286 теңге сомасына тұтынушылардың қаражатын қайтару мақсатында Қазақстан Республикасының Табиғи монополиялар туралы заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы орындалуы міндетті нұсқама шығарылды.