Аймақтар • 17 Ақпан, 2021

Ақмола облысында санитарлық дәрігерлер арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері талқыланды

197 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақмола облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшылығының және өңірлік Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің, сондай-ақ оның аумақтық басқармаларының мемлекеттік қызметшілерінің қатысуымен онлайн режимінде сыбайлас жемқорлықтың себептері мен жағдайларын қарау және жою бойынша кездесу өтті.

Ақмола облысында санитарлық дәрігерлер арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері талқыланды

Кездесуге қатысушыларға облыстың санитарлық дәрігерлеріне қатысты қылмыстық іс шеңберінде ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 200-бабы негізінде енгізілген ұсыну бойынша ақпарат жеткізілді.

Возможно, это изображение (один или несколько человек, экран и в помещении)

Жоғары тұрған басшылық тарапынан тиісті бақылаудың болмауы, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау саласындағы заңнама және басқа да бірқатар нормативтік актілер талаптарының сақталмауы осы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал етті.

Кездесу барысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл аумақтық департаментінің басшылығы мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша түзетулерді түсіндірді.

«Қоғамдық денсаулықты сақтау және халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы санэпидқызмет мамандары үшін, әсіресе коронавирустық пандемия кезінде маңызды болуы керек. Сондықтан, мен әрқайсысын сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы мүлтіксіз сақтауға және сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілік танытуға шақырамын», - деп атап өтті өз сөзінде өңірдің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомствосының басшысы Мұрат Төлеубаев.

Өз кезегінде облыстың бас санитарлық дәрігері алдағы уақытта осындай құқық бұзушылықтарға жол бермеу бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы есеп берді.