Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректері бойынша жер жүзінде 3,5 млрд адам тіс ауруларынан зардап шегеді екен. «Қазақстан стоматологиясы» ғылыми-практикалық журналының бас редакторы, медицина ғылымдарының докторы, профессор, Academy of Dentistry International ұйымының толық мүшесі Сәуле Есембаева «Стоматологиялық көмек: профилактикадан бастап клиника таңдауға дейін» атты онлайн дәрісінде тіске қатысты көпшілік біле бермейтін біраз дүниенің бетін ашып берді.

Көпшілігіміз тіс кариесінің, қазақша айтқанда тісті құрт жеуінің инфекциялық жүрек миокардына апаратынын білмейтініміз анық. Стоматолог Сәуле Есембаеваның айтуынша, тісті емдетпей, құрт жеп қойған тістің тұқылдарымен жүре беру аталған ауруға 100 пайыз алып келеді. Бір жүрек миокардын ғана емес, панкреатитпен ауырған пациенттің қанының талдамасынан қызылиектің қанап жүруін, қанқұртты тудыратын микроорганизмдер табылған. Сонымен қатар түрлі қатерлі лейкоз, темір жетіспеушілігінен туатын анемия және эндокринді аурулардың бірсыпырасының ағзаны жүдетіп, аурухана төсегіне таңуына осы тіске қалай болса, солай қарау себепші екен. Тіпті кейде терапевт пен гематолог білмей тұрып, пациенттің ақ қан ауруына ұшырағанын стоматолог дәрігер аңдайды. Өйткені ондай науқастың тісіне ұялаған тастарды сәл тазалаймын дегенде қан бұрқ ете қалып, тоқтамай қояды. Содан көңіліне кіді алған тіс дәрігері қан талдамасына жібергенде лейкоз анықталады.
Профессор дәрісінде тістің миға жақын орналасқанын әсте естен шығармауға кеңес береді. Ол әсіресе балалар өміріне қауіпті, оларда әрбір инфекциялық үдеріс өте жедел дамиды. Біздің елде жақ-бет сүйегі бөлімдеріне қаралатын балалардың көпшілігі тістің асқынып қабынған ауруларымен түсетін көрінеді. Ал Швеция, Финляндия, Жапония жұртында кариестің алдын алуды жақсы жолға қойғандығы сондай, кариес тіпті де жоқ. Ақыр аяғында олар алда-жалда пульпит, кариес, пародонтит сынды аурулар бола қалса, қалай емдейміз деп көршілес елдерге мамандарын жіберіп, қысқа мерзімді оқулардан өткізіп жүр.
«Біріншіден, іштегі шарана үшін анасының тіс саулығы аса маңызды, егер анасында тіс ауруы болса, нәрестенің де тістері сондай болады. Екіншіден, сүт тістерін тазалау керек емес деп көп ата-ана мән бермейді. Ал сүт тістері зақымданған болса, орнына сау тіс шықпайды, ол үшін балаға тісі шығысымен күніне екі рет тісін тазалатып, ас ішкен соң аузын шайғызып отыру қажет. Осылай үйренген бала есейгенде де солай әдеттенеді. Бұл – қартайғанға дейін тіс саулығының кепілі. Тіс тазалығына мұқият болу түрлі аурудың алдын алады», деді Сәуле Серікқызы.
Сосын бала көтерген әйелдегі токсикоздың да зияны бөлек әңгіме екен. Құсқаннан соң ауыз дұрыс шайылмаса, бөлінген қышқыл тіске зақым тигізеді, бұған қоса жүкті әйелдің тістерін емдету үшін ерте келуінің де маңызы зор. Алғашқы үш айдан кейін аяғы ауыр келіншектің стоматолог креслосында 15-20 минуттен артық отыруына болмайды, өйткені іштегі шаранаға зияны тиеді. Сондықтан алдыңғы үш айдың ішінде тісті мейлінше мұқият емдеу аса қажет.
Негізі адам ағзасында тіс табиғаты ең бір қатты заттан тұрады. Алайда соның өзі тазалығына мән бермесе, тәттіні көп жесе, газды, қантты сусындарды, тіпті тәтті шырындарды көп ішсе, бүлінеді. Біздің елімізде жасы ұлғайған адамдардың басым бөлігі табиғи тістерден адаланып, протезбен жүреді. Ондай болмауы үшін профилактикасына жөндеп қарап, тісті бекітуге септігі бар қатты сәбіз, қызылша тәрізді көкөністерді жеп, етті де былбыратып аспаудың пайдасы бар. Тіс төмен қарап салбырап тұрғандықтан, күнделікті жаттығу жасағандай қайрат жұмсап шайнау керек, ол оған күш беріп, түбін бекітіп отырады екен.
Тіс айналасындағы онлайн әңгімеде маман оны тазартатын пасталарды таңдауға да мән беруді ескертеді. Фторлы пасталарды пайдаланудың мөлшері, тіс тазалайтын ысқыш шөткелердің жұмсақ, қаттылығы – бәрі назарда ұсталынатын маңызды дүниелер. Тілдің үстіне жиналған түрлі микроорганизмдер асқазанға өтіп, ағзаны ауруға ұшыратады, жалпы ауыз қуысының тазалығы дені сау болуға ұмтылатын жұрттың назарында болуы тиіс. Стоматолог тіс пастасымен бірге ауыз шаятын сұйықтықтарды пайдаланып тұруға кеңес берген. Әр жолы дастарқан басынан тұрғанда ауызды құрығанда жай сумен жуған жөн.
Дәріс барысында «МӘМС және ТМККК аясында стоматологиялық көмекті кім және қалай тегін ала алады?» деген маңызды сауалға жауап берген маман оны міндетті түрде лицензиясы бар және МӘМС-пен арада қызмет көрсетуге шарты бар кез келген стоматологиялық клиника атқаратынын, ал ол қызметтің жоспарлы және шұғыл деп бөлінетінін жеткізді. Жоспарлы емделуге балалар мен 18 жасқа толған жасөспірімдер, жүкті әйелдер жатқызылады. Ал шұғыл емдеуді жоғарыдағы екі санаттағыларға қоса соғыс ардагерлері мен оларға теңестірілгендер, I, II, III, IV топтағы мүгедектер, алтын және күміс алқалы аналар, атаулы көмекпен қамтылған әлеуметтік әлсіз топтағылар мен зейнеткерлер, әлеуметтік тұрғыда елейтін инфекциялық аурумен есепте тұратындар ала алады. Ал өзге санаттағы барлық азамат үшін стоматологиялық ем ақылы жүргізіледі.
Сәуле Серікқызы тағы бір жақсылықты ортаға салды. Әлеуметтік аз қамтылған отбасылардың 6 мен 12 жас аралығындағы балаларының тістерінде аномалия болған жағдайда (тістері айқасып қалғанда, кемиектік, т.с.с) және қоянжырық болып туса, тегін қызмет көрсетіледі.
Қазақстан мен Хорватия арасындағы саяси консультациялар өтті
Саясат • Бүгін, 20:13
Елорданың кейбір мекемелерінде кальян әлі де ұсынылады
Елорда • Бүгін, 19:51
«Махаббат, қызық мол жылдар» романы жаңа форматта қайта басылып шықты
Әдебиет • Бүгін, 19:32
Қазақстандық әскери делегация ҰҚШҰ Әскери комитетінің отырысына қатысты
Қоғам • Бүгін, 19:15
iKOMEK109 орталығы жыл басынан бері 700 мыңға жуық өтініш қабылдады
Елорда • Бүгін, 19:04
Қазақстан екі апта бойы «қызыл аймақта» тұр
Коронавирус • Бүгін, 18:45
Қызылорданың Сырдария ауданы «қызыл» аймаққа енгізілді
Аймақтар • Бүгін, 18:43
Қазақтың Нурикамалы дүниеден өтті
Руханият • Бүгін, 18:38
ТМД елдерінің әуе шабуылына қарсы қорғаныс мәселесі талқыланды
Қоғам • Бүгін, 18:25
Түркітілдес елдердің футбол федерациялары бірігуі мүмкін
Футбол • Бүгін, 18:20
Алтай Көлгіновтің бірінші орынбасары тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 18:14
Аймақтар • Бүгін, 18:02
«Ахмет Ясауи» телехикаясы эфирге шығады
Кино • Бүгін, 18:01
Қостанайлықтар футзалдан ұлттық мектеп лигасының жеңімпазы атанды
Спорт • Бүгін, 17:53
Шетелден ПТР-анықтамасыз келетіндер азайды
Қазақстан • Бүгін, 17:41
Жетісуда жұқпалы індеттің таралуы жиіледі
Аймақтар • Бүгін, 17:38
Жастар арасында суицидтің алдын алу жұмыстары басталды
Қоғам • Бүгін, 17:30
Қостанай облысында трактор аударылып, 3 адам қайтыс болды
Аймақтар • Бүгін, 17:20
Нидерланды Елшісі Қазақстанның жемқорлыққа қарсы жұмысын жоғары бағалады
ANTIKOR • Бүгін, 17:18
Президент Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрін қабылдады
Президент • Бүгін, 17:06
БЖЗҚ салымдары пәтер бағасына әсер ете алмайды
Экономика • Бүгін, 17:00
Діни ақпараттық-түсіндіру тобы павлодарлықтармен кездесті
Аймақтар • Бүгін, 16:51
Оқушыға көркем әдебиетті оқытудың жолы қандай?
Әдебиет • Бүгін, 16:45
Қазақстан мен Аустралия сыртқы саяси ведомстволары онлайн кездесу өткізді
Қазақстан • Бүгін, 16:44
Astana IT university: Білім сапасынан цифрлы трансформацияға
Білім • Бүгін, 16:40
Адамзат соғыстан емес инфекциядан көп зардап шекті – ғалым
Коронавирус • Бүгін, 16:40
Шенеуніктердің кесірінен балалар спорт секцияларына қатыса алмай отыр
Қоғам • Бүгін, 16:28
Қ.Тоқаев АҚШ-тағы елшіге Байден әкімшілігімен ынтымақтастықты жолға қоюды тапсырды
Президент • Бүгін, 16:22
СЭС шара қолданбай отыр: Алматыдағы Әуезов ауданының әкімі карантин ережесін бұзған
Аймақтар • Бүгін, 16:18
Шымкентте «Ақылды аялдамалар» орнатылады
Аймақтар • Бүгін, 15:55
Тұрғын үй бағасы қашан тұрақтайды
Қазақстан • Бүгін, 15:55
Дәрігерлер «вакцинадан қайтыс болған» зейнеткерге қатысты мәлімдеме жасады
Әлем • Бүгін, 15:48
«Қауіпті зат табылды»: Қарағандыда теміржол вокзалы қоршауға алынды
Аймақтар • Бүгін, 15:42
Ақтауда «Өрмекші адам» пайда болды
Видео • Бүгін, 15:39
Жамбылда 4 ауыл ішімдік сатудан бас тартты
Аймақтар • Бүгін, 15:38
Алик Шпекбаев «Ең белсенді мемлекет қайраткері» атанды
ANTIKOR • Бүгін, 15:36
Бас басылымның PDF нұсқасы ақылы негізге ауысты
Егемен Қазақстан • Бүгін, 15:30
Мемлекет басшысы Мәулен Әшімбаевты қабылдады
Президент • Бүгін, 15:14
Азия чемпионаты: Айдос Сұлтанғали мен Алмат Кебісбаев финалда
Спорт • Бүгін, 14:57
Биыл Нұр-Сұлтанда 7 мың үлескер баспаналы болады
Елорда • Бүгін, 14:50
Мәжіліс ЕАЭО туралы шарт аясында жаңа ратификациялық заң жобаларын мақұлдады
Парламент • Бүгін, 14:34
Шымкентте «Жұмыспен қамтудың жол картасы» аясында 392 жұмыс орны ашылады
Аймақтар • Бүгін, 14:17
Таразда карантин талаптарын бұзу тоқтамай тұр
Аймақтар • Бүгін, 14:07
Елордада сегізінші веломаусым басталады
Елорда • Бүгін, 13:51
ШҚО-да жол қызметінің 80 басшысы әкімшілік жауапкершілікке тартылды
Аймақтар • Бүгін, 13:40
NIS түлегі робот-техника бойынша тегін онлайн курс бастады
Технология • Бүгін, 13:28
Грек-рим күресінен Азия чемпионатының алғашқы күнгі жеңімпаздары
Спорт • Бүгін, 13:13
Екібастұздағы «Майнинг» фермасы отқа оранды
Оқиға • Бүгін, 13:06
Полиция қызметкері жасөспірімнің өліміне себеп болды
Оқиға • Бүгін, 13:03
Ауылдағы қызметкерлер үшін тұрғын үй салынады
Қазақстан • Бүгін, 12:54
Биыл «Шаңырақ» бағдарламасы бойынша 800 мың пәтер беріледі
Қоғам • Бүгін, 12:50
Ертіс өзенінде балықтардың не себепті қырылғаны белгілі болды
Экология • Бүгін, 12:45
Жеңіс күніне арналған әскери парад бола ма?
Қоғам • Бүгін, 12:39
Өткен жылы 140 мыңнан астам тұрғын үй пайдалануға берілген
Қазақстан • Бүгін, 12:25
Елімізде доллар бағасы бірден төмендеді
• Бүгін, 12:17
Елордалықтар коронавирусқа қарсы вакцинаны белсенді қабылдауда
Елорда • Бүгін, 12:16
Вице-министр: Баспана кезегіне қайта тіркелуге жол берілмейді
Қоғам • Бүгін, 12:15
Алтын бұйымдарды қолды еткен жігіт қолға түсті
Аймақтар • Бүгін, 12:04
Бүгін бір өңір «жасыл» аймаққа өтті
Аймақтар • Бүгін, 11:55
Петропавлда үш айда 211 интернет-алаяқтық тіркелген
Аймақтар • Бүгін, 11:47
«Ақжайық» бапкері матч кезінде инфаркт алды
Футбол • Бүгін, 11:40
Коронавирусты жаппай вакцинасыз жеңу мүмкін емес – алматылықтар
Коронавирус • Бүгін, 11:29
Алматыда бетон араластырғыш көлік дүкенге соғылды
Видео • Бүгін, 11:20
Антикор қалалар мен елді мекендердегі түйткілді мәселелерді шешуде
ANTIKOR • Бүгін, 11:17
Мектептен өрт шығып, 20-ға жуық оқушы қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 11:15
Қазақстанға AstraZeneca вакцинасы жеткізіле ме
Коронавирус • Бүгін, 11:04
Алматыдағы сауда үйінің маңындағы жол апатына қатысты сот сараптамасы шықты
Аймақтар • Бүгін, 10:57
Ауа райы • Бүгін, 10:43
Қызылордада карантинді бұзғандарға 11 млн теңге айыппұл салынды
Аймақтар • Бүгін, 10:36
Ұқсас жаңалықтар