Қоғам • 18 Ақпан, 2021

Атырау арқылы ел аумағына 269 шетелдік өте алмады

332 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау облысының аумағындағы мемлекеттік шекарадан 269 шетелдік өте алмады. Өйткені оларда коронавирусқа қарсы ПТР-анықтамасы болмаған, деп хабарлайды Egemen.kz

Атырау арқылы ел аумағына 269 шетелдік өте алмады

ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның мәліметінше, күн сайын «Атырау-РФ Астрахан» мемлекеттік шекарасындағы «Құрманғазы» автоөткелі арқылы азаматтардың келуіне мониторинг жүргізіліп отыр. Мәселен, 15 ақпанда облыс аумағына мемлекеттік шекара арқылы 180 адам, оның ішінде 7 жолаушы мен  халықаралық жүк тасымалдарын жүзеге асыратын 173 жүргізуші өткен. Оның ішінде 3 адамда COVID-19-ға анықтама болмаған. Олар карантиндік стационарға орналастырылды.

«Шектеу шаралары енгізілген бері Атырау облысына 23 082 адам, оның ішінде 3 366 жаяу жолаушы, 19 716 жүргізуші келді. ПТР-анықтамасыз келген 269 шетел азаматына ел аумағына өтуіне тыйым салынды. Онымен қоса, анықтамасыз келген Қазақстанның 2 494 азаматына COVID-19-ға ПТР-тестілеу жүргізіліп, талдау нәтижесінде коронавирустың шеттен әкелінген 9 жағдайы (6 жүргізуші, 3 жолаушы) анықталды» делінген комиссияның ақпаратында.