Аймақтар • 18 Ақпан, 2021

Қатты жел Мәдениет үйінің шатырын жұлып әкетті

2475 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақмола облысында қатты жел Жақсы аудандық мәдениет үйінің шатырын жұлып әкетті, деп хабарлайды Egemen.kz облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қатты жел Мәдениет үйінің шатырын жұлып әкетті

Ведомствоның мәліметінше, 18ақпанда сағат 13:48 шамасында жылдамдығы секундтына 23- 25 метр екпінді жел мен ақтүтек боран Жақсы ауылындағы аудандық мәдениет үйінің шатырын құлаттын. Желден ғимараттың шатырымен бірге, қабырға плиткасы және маңдайшасына зақым келді. Сонымен бірге ғимараттың 20 метр қоршауы қирап, өсіп тұрған ағаштарға құлаған.

«Ғимарат 1968 жылы салынған. Шатырға 2014 жылы күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген. Құтқарушылар төтенше жағдайларды болдырмау үшін облыс тұрғындары мен қонақтарына үйден шықпауға кеңес береді», деді ведомстводан.

Оқиғадан зардап шеккендер жоқ. Еске сала кетейік, Ақмола облысында ауа райына байланысты бірқатар жолдар жабылған болатын.