Елбасы, партия Лидері Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы аясында әрбір өңірде, қала мен ауданда жүйелі бақылауды қамтамасыз ету үшін нақты нысаналы индикаторлар мен мерзімдер белгіленіп, сондай-ақ оған жауапты орындаушылар айқындалды.
Ақмола облысында алдағы 5 жылда 1948 көрсеткіш пен 5175 іс-шараны орындау көзделген. 2021 жылы «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасы 16,4%-ға, 2022 жылы – 38,3%-ға, 2023 жылы – 59,9%-ға, 2024 жылы – 80,3%-ға және 2025 жылы 100%-ға орындалатын болады.
Биылдың өзінде 27 медициналық нысанның 14-і, 119 мектептің 37-сі, 21 балабақшаның 5-еуі, 60 спорт нысанының 22-сі салынады. 5 жыл ішінде 3,4 млн шаршы метр тұрғын үй салынып, 80 мыңнан астам жұмыс орны ашылады және тағы да басқа істер атқарылады.
Қостанай облысында 2215 көрсеткіш пен 6491 іс-шараны орындау жоспарланған. 2021 жылы өңірлік сайлауалды бағдарлама 20,1%-ға, 2022 жылы – 40,1%-ға, 2023 жылы – 60%-ға, 2024 жылы – 79,9%-ға, ал 2025 жылы толығымен жүзеге асырылады.
Осы жылдың соңына дейін 2803 км автожолдың 480 шағырымы, 923 км сумен жабдықтау құбырының 160-ы, 207,6 км газбен жабдықтаудың 44,4 км салынып, реконструкцияланады.
Жалпы, 80 мың жұмыс орнын құру, 42 жаңа кәсіпорын ашу және кеңейту, 2,2 млн шаршы метр тұрғын үй салу жоспарланған. Қостанай қаласында 1750 орындық 4 студенттер жатақханасын салу, сондай-ақ, тұрғын үй сатып алуға несие беру, көтерме жәрдемақы беру және т. б. арқылы «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша 1500-ден астам білікті жас мамандарды әлеуметтік қолдаумен қамту жоспарлануда.
Павлодар облысында Жол картасы аясында 2691 көрсеткіш пен 1888 іс-шараны орындау көзделген. 2021 жылы партияның сайлауалды бағдарламасы 16%-ға, 2022 жылы – 34%-ға, 2023 жылы – 58%-ға, 2024 жылы – 73%-ға және 2025 жылы 100%-ға іске асырылады.
2021 жылдың өзінде 14 000 пәтердің 2 444-і, 3 медициналық нысан, жастарға арналған бір жатақхана, 5 мектептің 2-еуі, 28 спорт нысанының 5-і салынады.Сонымен қатар, ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін 364 нысанның 161-і қайта бейімделеді.
5 жыл ішінде 69 мың жаңа жұмыс орнымен қамтамасыз ету жоспарлануда. Сондай-ақ, «Nur Otan» партиясы жеңілдетілген несие беруді, келісімшарттық қаржыландыру тетігін, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу бойынша техника, жабдықтар лизингін кеңейту арқылы дихандарға барынша қолдау көрсетуге ниетті. Егіс алқаптарын кеңейту, көтерме-тарату орталықтарын салу сияқты тағы да басқа істер көзделіп отыр.
Солтүстік Қазақстан облысында 2078 көрсеткіш және 1134 іс-шара бекітілді. 2021 жылы «Nur Otan» сайлауалды бағдарламасы 21%-ға, 2022 жылы – 47%-ға, 2023 жылы – 74%-ға, 2024 жылы – 88%-ға және 2025 жылы 100%-ға орындалатын болады.
Осы жылы 2,7 мың км автожолдың 394 шағырымы, 489,7 км сумен жабдықтаудың 127 шақырымы, 80 км жылумен жабдықтаудың 17 шағырымы, 280,8 км су тартудың 58,7-сі салынып, реконструкцияланады.
2025 жылға дейін 65 мың жұмыс орны ашылып, 8,9 мың пәтер, 11 медициналық нысан, 96 спорт нысаны, 2 мектеп және жастарға арналған 5 жатақхана салынады.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, бұған дейін Мәжілістегі «Nur Otan» фракциясының отырысында партияның «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру бойынша республикалық Жол картасы бекітілген. Барлық сайлауалды уәделермен nurotan.kz және nurotan2021.kz.сайттарынан танысуға болады