Әлем • 18 Ақпан, 2021

Өзбекстанда «Спутник V» вакцинасын қолданатын болды

154 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өзбекстанда «Спутник V» вакцинасын қолдануға рұқсат берілді, деп хабарлайды Egemen.kz

Өзбекстанда «Спутник V» вакцинасын қолданатын болды

Ресейдің Гамалея ғылыми-зерттеу орталығы жасаған «Спутник V» вакцинасын Өзбекстанда қолдануға рұқсат берілді.

Республикалық арнайы комиссия мәліметінде, «Спутник V» вакцинасы клиникалық сынақтардың үшінші кезеңінің нәтижелері бойынша Өзбекстанда сертификаттаудан өткізіп жаппай қолдануға мақұлданғаны туралы хабарланды.

Қазіргі уақытта осы вакцинаның 1 млн дозасын сатып алу бойынша шаралар қабылдануда, делінген.