Футбол • 19 Ақпан, 2021

Үздіктер бірінен соң бірі жеңілді

240 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кеше футболдан УЕФА Чемпиондар лигасының 1/8 финал ойындарының тағы екі матчы өтті. Португалияның «Порту» клубы өз алаңында «Ювен­­тусті» жеңсе, «Севилья» өз ала­ңында өткен тартысты кездесуде «Бо­руссия Д» ко­мандасына есе жі­бер­ді.

Үздіктер бірінен соң бірі жеңілді

Италия чемпионатының ең кейінгі ойынында «Наполиден» жеңілген «Ювентустің» бұл жолы «Португе» әлі келмеді. Ал «Пор­ту» төрт тең ойыннан кейін бірінші рет же­ңіске жетіп отыр. Португалиядағы «Дра­­­гау» стадионында өткен матчта алаң иелері екі таймның алғашқы минутында жылдам гол соғып, маңызды жеңісіне қол жеткізді. Атап айтар болсақ, 1-минутта Мехди Тареми, 46-минутта Мусса Марега мер­гендігімен көзге түсті. Қонақтардан 82-ми­нутта Федерико Кьеза бір голмен жауап қатты.

Қатар өткен екінші матчта «Боруссия Д» қонақта «Севилья» клубынан 3:2 есебімен басым түсті. Дортмундтық командадан Эрлинг Холанд дубльдің авторы атанса, Махмуда Дауда командасының үшінші голын соқты. Испаниялықтардан Сусо мен Люк де Йонг өз аттарын таблоға жаздыртты.

Соңғы жаңалықтар

Egov Chatgpt сияқты жұмыс істейді

Технология • Бүгін, 22:48

Бішкекте бес жүлде бұйырды

Спорт • Бүгін, 19:18