Қазақстан • 19 Ақпан, 2021

Қазақстан мен Литва ғарыштық технологиялар саласындағы ынтымақтастықты талқылады

154 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Елшілігі «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ мен Литва аэроғарыштық кластері арасында бейнеконференция форматында келіссөздер ұйымдастырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан мен Литва ғарыштық технологиялар саласындағы ынтымақтастықты талқылады

NanoAvionics (наноспутниктерді жасау және ұшыру), Geomatrix (ғарыштық түсірілімдерді автоматтандырылған өңдеу), Black Swan (спутниктерді бағдарламалық қамтамасыз ету), Eksma Optics (лазерлік аспаптар), Astrolight (атмосфералық оптикалық желілер) сияқты компаниялар және Литва Сыртқы істер министрлігі, Литва аэроғарыш қауымдастығы, Вильнюс университеті, Каунас технологиялық университеті және Литваның этноғарыштық музейі Қазақстанмен ынтымақтастық туралы өз ойларымен бөлісті.

Келіссөздер барысында тараптар ғарыштық технологияларды әзірлеу және пайдалану, коммерциялық қызметтерде серіктесу жөніндегі бірлескен жобалар мәселелерін зерделеу, сондай-ақ тәжірибе алмасу және жоғары оқу орындары арасында байланыстар орнату туралы уағдаластықтарға қол жеткізді.