Қазіргі уақытта ЕАЭО құрамына Қазақстан, Ресей, Беларуссия, Армения және Қырғызстан кіреді.
– Егер осы елдердің еңбек мигранттары бізге келіп, еңбек шартын рәсімдейтін болса, тұруға ықтиярхаты жоқтардың зейнетақымен қамсыздандыруға бірдей құқығы бар. Яғни, осы елдерден қоныс аударушылар ресми түрде тіркелген және жұмыс беруші мұндай жұмысшылар үшін БЖЗҚ-ға міндетті зейнетақы жарналарын 10% төлеуі керек, – деді Саденова.
ЕАЭО елдерінің бірінің азаматы жұмыс істеп жүрген елінен өз еліне кетсе, БЖЗҚ-дан өзінің зейнетақы жинақтарын ала алады, ал осы қызметкердің мұрагерлері де қайтыс болғаннан кейін артында қалған салымын алуға құқылы.
Демек, ЕАЭО елдерінің бірінде ресми түрде жұмыс істейтін қазақстандықтар осы мемлекеттерден сол жерде жұмыс істеген мерзімге зейнетақы ала алады.