Парламент • 19 Ақпан, 2021

Нұрлан Нығматулин: Мәжіліс көрнекі ақпарат мәселелері туралы заң жобасын қарайды

280 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Палата Бюросы өтіп, онда алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Нұрлан Нығматулин: Мәжіліс көрнекі ақпарат мәселелері туралы заң жобасын қарайды

Бюро отырысында депутаттар қарауына көрнекі ақпарат мәселелеріне қатысты  заң  жобасы бірінші оқылымда ұсынылды. Құжат орфография нормаларын жане аударма теңтүпнұсқалығын сақтау бойынша талаптарды белгілеу арқылы деректемелер мен көрнекі ақпаратты орналастыру мәселелері туралы заңнаманы одан әpi жетілдіруге бағытталған.  

Сонымен қатар алдағы жалпы отырыста Мәжіліс бірқатар ратификациялық заң жобаларын қарайды. Олар Қазақстан мен Солтүстік Македония арасындағы адамдарды ұстап беру туралы шартты және сотталған адамдарды беру туралы шарттарды ратификациялау туралы заң жобалары. Бюро отырысында депутаттар екінші оқылымда Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске және сот жүйесін жаңғырту мәселелеріне түзету енгізу туралы заң жобаларын қарады.  

Сондай-ақ алдағы жалпы отырыста Мәжілістің комитеттері біршама заң жобаларын жұмысқа алады. Атап айтқанда, дауларды соттан тыс және сотқа дейінгі реттеу институттарын дамыту мәселелері, ЕАЭО туралы шартқа Арменияның қосылуы туралы хаттаманы ратификациялау,  сондай-ақ ЕАЭО туралы шартқа Қырғыз Республикасының қосылуына байланысты бірқатар халықаралық құжаттарды ратификациялауға қатысты заң жобалары бар.