Экономика • 20 Ақпан, 2021

Жаһандық қарыз өсіп барады

151 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жаһандық қарыз 2020 жылдың аяғында рекордтық 281 трлн долларға жетті, –деп жазады Egemen.kz.  

Жаһандық қарыз өсіп барады

Вашингтондағы тұрақты дамуды зерттеу орталығының  директоры Эмре Тифтик пен экономист Хадиджа Махмуд Bloomberg тілшісімен кездесу кезінде әлемдік қарыз өсе беретінін, бұған мемлекеттер, компаниялар емес, жекелеген отбасылар да үлес қосып отырғанын айтыпты.    

Халықаралық қаржы институтының (IIF) мәліметтері бойынша, бюджеттің үлкен тапшылығы бар елдердің үкіметтері 2021 жылы қарызды тағы 10 триллион долларға арттыруға ниетті. Саяси және әлеуметтік қысымдар әлеуметтің әлеуетін төмендетіп, соның салдарынан  қарыздың ауыртпалығы да өсіп барады.

Экономиканың қалпына келуі кейбір үкіметтерді ынталандыруды қысқарту стратегиясын жасауға мәжбүр етуі мүмкін. Бұл сценарийді тым тез іске қосу дефолт қаупін арттырады. Бірақ сарапшылар мұның тәуекелінің жоғары екенін ескертеді. Себебі мұның соңы тағы да қарызға белшесінен батуға алып келуі мүмкін. Сол себепті алдағы уақытта барлық елдер теңгермелі саясатқа бағыт бергені жөн.

Өткен жылы қаржылық емес сектордағы қарыздың ЖІӨ-ге қатынасы бойынша ең үлкен өсім –  Қытайда орын алды, содан кейін Түркия, Корея және Біріккен Араб Әмірліктері, деп хабарлайды IIF деректері.

Естеріңізге сала кетейік, 2020   жылдың бірінші тоқсанында жаһандық ұлттық қарыз 258 триллион долларды, екіншісінде 268,8 триллион долларды, үшіншісінде 276,5 триллион долларды құрады.

Эмре Тифтик 2021  жылы тамызда COVID-19 таралуын тоқтату мүмкін болмаса, онда жаһандық қарыз 275 триллион доллардан асады деп мәлімдеді.