Руханият • 21 Ақпан, 2021

Зейнетке шыққан экс-сенатор жеке көрмесін өткізді

169 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кеше Нұр-Сұлтан қаласындағы  Ұлттық музейде  мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері, профессор Төлеубек Мұқашевтың «Балалық шаққа саяхат» атты жеке көрмесі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz baq.kz сайтына сілтеме жасап.

Зейнетке шыққан экс-сенатор жеке көрмесін өткізді

Суреттер baq.kz сайтынан алынды

2014-2020 жылдар аралығында Парламент Сенатының депутаты болған Төлеубек Мұқашев зейнетке шыққан соң бұрыннан армандап жүрген алғашқы көрмесін өткізуді қолға алған екен.

«Бұл көрме өзіміз туып-өскен жерді, табиғатымызды, балалық шақтың алаңсыз уақытын ұмытып, күнделікті қарбаласпен өмірін өткізіп жатқан жандарға еске түсіру мақсатында ұйымдастырылды. Жас кезімнен бастап әрдайым сурет салып жүрдім. Қазір зейнетке шығып, бос уақытым көбейген соң осындай көрме өткізуді қолға алдым»,- дейді экс-сенатор.

л

Ол сурет арқылы ойындағысын, жеткізгісі келетінін айтты. 

«Алғаш рет осындай көрме ұйымдастырып отырмын. Шабытымнан туындаған сүйіспеншілікті басқаларға, келе жатқан ұрпаққа көрсетсем деймін. Көрме оларды табиғатты құрметтеуге, туған жерді бағалауға насихаттайды деген ойдамын», дейді профессор.

8

Елорда тұрғындары мен қонақтары көрмені екі ай бойы тамашалай алады.

з