Спорт • 22 Ақпан, 2021

Қарсыласын нокаутпен жеңді

176 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Ислам АҚШ-тың Майами қаласында өзінің кезекті жекпе-жегін өткізіп, эквадорлық қарсыласын жетінші раундта нокаутқа жіберді.

Қарсыласын нокаутпен жеңді

Бірінші жартылай орта салмақта жұды­рықтасатын қандасымыз әу баста 33 жастағы ганалық боксшы Ободай Саимен (35-3-1, 26 КО) жұдырықтасуы тиіс болған. Алайда жекпе-жекке бір күн қалғанда Ободайдың шаршы алаңға шықпайтыны белгілі болып, Қанат 27 жастағы эквадорлық боксшы Джейсон Миндамен (14-4-1, 8 КО) жекпе-жек өткізді.

Он раундқа есептелген жекпе-жек же­тінші раундта аяқталды. Алдымен Қанат Ислам қарсыласын төртінші раундта бір рет нокдаунға жіберсе, жетінші раундта тағы да сол жағдай қайталанды. Тез ес жиып үлгерген Минда жекпе-жекті қайта жал­ғас­тыруға дайын екенін төрешіге ұқтыр­ды. Бірақ көп ұзамай қазақстандық боксшы  қар­сыласын ауыр нокаутқа түсіріп, жекпе-жекті мерзімінен бұрын аяқтады.

Жерлесіміз 14 ай үзілістен кейін үлкен рингке қайта оралып, мансабындағы жарқын жеңісін қайта жалғады. Айта кетейік, Қанат Ислам ең кейінгі кездесуін 2019 жылы Алма­тыда өткізіп, WBO International титулы үшін айқаста намибиялық Уолтер Каутондокваны (18-2, 17 КО) жеңген еді.