Футбол • 22 Ақпан, 2021

«Қайрат» – ширек финалда

8 рет көрсетілді

Футзалдан УЕФА Чемпиондар лигасында бақ сынап жатқан Алматының «Қайраты» аталған турнирдің ширек финалына жолдама алды.

Жарыстың 1/8 финалында «Қайрат» өз алаңында Румынияның «Юнайтед Галац» клубын қабылдап, 6:1 есебімен тас-талқанын шығарды. Бірінші кезеңде алматылық команда сапынан Ранжел – 4, Савио 12-минуттарда мергендік танытты. Екінші тайм да толықтай алаң иелерінің басымдығымен өтті. 23-минутта Фернандиньо, 29-минутта Эдсон есепті еселесе, 34-минутта Шыңғыс Есе­наманов таблодағы көрсеткішті 5:0-ге жет­кізді. Ал 39-минутында Біржан Оразов матчтың нүк­тесін қойды. Қарсылас командадан жалғыз голды Андрей Крачон салды.

Осылайша «Қайрат» турнирдің ширек финалына жолдама алды. 1/8 финалда өнер көрсеткен «Ақтөбе», өкінішке қарай, Словенияның «Добовец» клубынан 1:2 есе­бімен жеңіліп, жарыс жолынан шығып қалды.

 

Соңғы жаңалықтар

Ұқсас жаңалықтар