Жарыстың 1/8 финалында «Қайрат» өз алаңында Румынияның «Юнайтед Галац» клубын қабылдап, 6:1 есебімен тас-талқанын шығарды. Бірінші кезеңде алматылық команда сапынан Ранжел – 4, Савио 12-минуттарда мергендік танытты. Екінші тайм да толықтай алаң иелерінің басымдығымен өтті. 23-минутта Фернандиньо, 29-минутта Эдсон есепті еселесе, 34-минутта Шыңғыс Есенаманов таблодағы көрсеткішті 5:0-ге жеткізді. Ал 39-минутында Біржан Оразов матчтың нүктесін қойды. Қарсылас командадан жалғыз голды Андрей Крачон салды.
Осылайша «Қайрат» турнирдің ширек финалына жолдама алды. 1/8 финалда өнер көрсеткен «Ақтөбе», өкінішке қарай, Словенияның «Добовец» клубынан 1:2 есебімен жеңіліп, жарыс жолынан шығып қалды.