Коронавирус • 22 Ақпан, 2021

Шетелден келген жолаушылардан коронавирус анықталған жоқ

340 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Санитариялық - эпидемиологиялық бақылау комитеті өткен тәулікте халықаралық авиарейстермен келген жолаушылар бойынша ақпарат таратты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шетелден келген жолаушылардан коронавирус анықталған жоқ

Өткен тәулікте Қазақстан аумағына Германия, Литва, Шри-Ланка, Мальдив Республикасы, БАӘ, Мысыр, Түркия, Грузия, Украина, РФ, Өзбекстан және Қырғызстаннан 21 халықаралық әуе рейсі келді.

3 155 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 2 498 адам, анықтамасыз 657 ҚР азаматтары келді. 

Оның ішінде:

Алматы қаласының әуежайына – 12 рейс, 1 998 жолаушы, анықтамамен - 1 633, анықтамасыз - 365;

Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 8 рейс, 1 155 жолаушы, анықтамамен - 863; анықтамасыз - 292;

Шымкент қаласының әуежайына – 1 рейс, 2 жолаушы анықтамамен келген.

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде.

Сондай-ақ 20 ақпанда шетелден анықтамасыз келген барлық 327 ҚР азаматының ПТР-талдаулары теріс нәтиже көрсетті.

Соңғы жаңалықтар

Бүгін ауа райы қандай болады?

Ауа райы • Бүгін, 10:42

Арандатудан сақ болған жөн

Пікір • Бүгін, 09:40

Жаңа жоба – қоғам талқысында

Реформа • Бүгін, 09:20

«Е-АӨК» платформасы іске қосылады

Шаруашылық • Бүгін, 08:58