Спорт • 22 Ақпан, 2021

Мәдениет және спорт министрлігі спорттағы жетістіктер акциясын бастады

466 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мәдениет және спорт министрлігі Тәуелсіздіктің 30 жылдығы мерекесіне орай, еліміздің Тәуелсіздік жылдарында қол жеткізген спорттағы жетістіктері туралы акцияны бастады, деп хабарлайды Egemen.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мәдениет және спорт министрлігі спорттағы жетістіктер акциясын бастады

Грек-рим күресінен Олимпиада жүлдегері, Әлем, Азия, Еуропа чемпионы Дәулет Тұрлыханов, ушу-саньдадан  халықаралық турнирлердің чемпионы, Әлем Чемпионатының жүлдегері Фархад Аманқұлов, күрестен Олимпиада чемпионы Юрий Мельниченко, жеңіл атлетикадан Олимпиада чемпионы Ольга Шишигина және басқа да Олимпиада, Әлем, Азия чемпионатынан бейнероликтер ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мен Спорт және дене шынықтыру істері комитеті ресми парақшасында жарияланды.