Қоғам • 23 Ақпан, 2021

Мердігерлермен шарт жасасу мүмкіндігін сұрайды

235 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

«Атамекен» ҰКП Өңдеу өнеркәсібі департаменті тарапынан ұсынылатын нормалар құрылыс сапасының төмендеуіне және кәсіпкерлік қызмет еркіндігінің бұзылуына әкелуі мүмкін.

Мердігерлермен шарт жасасу мүмкіндігін сұрайды

«Атамекен» ұлттық кәсіп­кер­лер палатасының алаңында тапсырыс берушінің (құрылыс салушының) қызметін ұйымдас­тыру және функ­­цияларын жүзе­ге асыру қағи­­да­ларын тал­қы­­лау мәселе­лері бойын­ша кеңес өтті. Талқы­лау қоры­тын­­дысы бойынша, Құ­ры­лыс­шы­лар одағы отандық тауар өн­діру­­ші­­лер­ге өтінім жі­бе­ру мер­­зім­­дерін ұсынды, оны қарау қоры­­­тын­дысы бойын­ша мерді­гер та­­уар сатып алу­дың нысана мақсаты туралы шешім қабыл­даған еді. Бұл ұсыныст­ар­­ды «Атамекен» ҰКП құрылыс де­пар­таменті­нің өкілдері, сондай-ақ одақ мүше­лері қолдады.

Алайда бүгінгі таңда отандық тауар өндірушілер «Атамекен» ҰКП-дан өндірушілердің мерді­гер­лермен міндетті түрде шарт жасасу мүмкіндігін қарастыруды сұрайды, яғни тауардың сапасына, құнына, қауіпсіздігіне қарамастан, мердігер отандық тауар өндірушілерден тауар сатып алуға шарт жасасуы тиіс. Мә­селен, бүгінгі таңда мер­дігер­лердің қазақ­стан­дық қамту бойынша міндеті мемлекеттік сатып алу туралы шарт талаптарында жазылған. Мұнымен қатар, отан­­дық өндіріс тауарлары әр­дайым талап етілетін сапа және қауіпсіздік стандарттарына сәй­кес келе бермейді, сондай-ақ таңдау құқығын шектей отырып, құрылыс объектілерінің сапа­сы­ның нашарлауына және сол арқылы адамдардың қауіп­сіз­дігіне қатер төнуіне септігімізді тигіземіз.

Азаматтық заңнамада тапсы­рыс берушілердің мердігер­дің жедел-шаруашылық қыз­ме­тіне араласпауы туралы талап­­ты белгілейтін нормалар жа­зыл­ған, осы нормалар қабыл­дан­­ған жағдайда Қазақстан Рес­пуб­­ликасында кәсіпкерлік қыз­мет­ті жүзеге асыру еркіндігі қағи­дат­тары, кәсіпкерлік субъек­тілері­нің заңдылығы, тең­дігі және адал бәсекелестігі бұзы­лады. Сонымен қатар Президент Қ.Тоқаев Қазақстан халқына Жол­дауында заңды бизнес­ке кедергі жасау мемлекеттік қыл­мыс болып табылатынын атап өтті. Осыған байланысты одақ бұл бұйрықты қабылдауды қо­лай­сыз деп санайды.