Ұлы Жеңістің 65 жылдығына санаулы күндер қалды. Отан үшін от кешіп, қасық қаны қалғанша арпалысқан, болашақ ұрпақтың бейбітшілігі мен ынтымағы жолында жанын аямаған боздақтарды қалай ұмытайық. ТМД Мемлекет басшылары Кеңесінің және ТМД Шекара әскерлері басшылары кеңесінің шешіміне сәйкес Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығына орай екінші ақпанда екі бағытта Эстафета алауының шеруі басталған. Біріншісі – Беларусь Республикасының Гродно қаласы, одан әрі Украина, Молдова, Армения арқылы Мәскеуге, ал екіншісі – Ресейдің Мурманск қаласы, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Түркіменстан, Әзірбайжан арқылы Мәскеуге келіп, түйісулері тиіс. Міне, кеше Жеңіс эстафетасы Өскеменге келді.
Ұлы Отан соғысы боздақтарына арналған Даңқ мемориалында әскери құрамалар мен шекара қызметі сарбаздары салтанатты шеруге әзір тұр. Бұл жерде соғыс ардагерлері мен қаладағы орта мектептердің оқушылары жауынгерлік киімдерімен сапта. Диктордың қуатты дауысынан кейін ортаға Ресей Федерациясы Шекара қызметінің бір топ жауынгерлері ҚР ҰҚК Шекара қызметінің үш сарбазына Жеңіс эстафетасы символын салтанатты жағдайда тапсырды.
Бұдан кейін Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Түсіпхан Түсіпбеков сөз алып, Ұлы Жеңістің 65 жылдығына арналған Жеңіс эстафетасының Кенді Алтайға келуінде үлкен мән жатқанын, кешегі сұрапыл соғыста Шығыс Қазақстаннан шақырылған 170 мың жауынгердің 95 мыңы келешек ұрпақ үшін жандарын пида еткенін тілге тиек етті. Сұрапыл соғыстан қайғы-қасірет шекпеген бірде-бір отбасы жоқ шығар. Ресей мен Қазақстан, басқа да ТМД елдерінің соғыс апатынан қанша зардап шеккендерін, алайда бірлігі мен тірлігі жарасқан қаншама ұлт өкілдерінің ынтымағы жемісін бергенін тілге тиек ете кетті. Бұдан кейін Алтай өлкесі әкімшілігі департаментінің бастығы Игорь Гниденко сөз алып, эстафетаны берік қолға тапсырғандарын айтып өтті. Ал ҚР Шекара қызметі директорының орынбасары Амангелді Әбілханов Жеңіс эстафетасының 22 сәуір және 2-ші мамырда Қытай Халық Республикасымен арадағы мемлекеттік шекара бойымен Шығыс Қазақстан, Алматы және Жамбыл облыстары арқылы өтетінін хабарлады. Екі елдің Әнұрандары ойналып болған соң облыс әкімдігі мен көрші Ресей өлке басшыларының соғыс құрбандарына арналған гүл шоқтары қойылды. Мәңгілік алауға соғыс ардагері, Социалистік Еңбек Ері Қайролла Бақтыбаев, Фрунзе Жақсылықов, басқа да ардагерлер гүл шоқтарын қойды. Бұдан кейін ән мен күйге кезек беріліп, жауынгерлер сап түзеп, жиналғандарға құрмет көрсетті.
Оңдасын ЕЛУБАЙ.
ӨСКЕМЕН.

Нұрхат Ораш: Ата заң жай ғана құқықтық ережелер жинағы емес
Жастар • Бүгін, 16:48
Мемлекет басшысының Пәкістандық The News International басылымына берген сұхбаты жарияланды
Президент • Бүгін, 16:38
Экс-судья Айгүл Сайлыбаеваның өлімі: Марқұмның күйеуіне қатысты видео тарады
Оқиға • Бүгін, 16:29
Жалпыұлттық социал-демократиялық партия Ата заңдағы өзгерістерді өңірлерде түсіндіреді
Ата заң • Бүгін, 16:15
Алматы облысында жеке тұрғын үйден төрт адамның мәйіті табылды
Оқиға • Бүгін, 15:54
Роналду «Әл-Насрдан» мерзімінен бұрын кетуі мүмкін
Әлем • Бүгін, 15:44
Алматыда ірі жол апаты болды: Такси жүргізушісінің жүрегі тоқтап қалған
Оқиға • Бүгін, 15:33
Өнер • Бүгін, 15:25
Оқушыларға мамандық таңдасатын ЖИ-агент іске қосылды
Білім • Бүгін, 15:11
Алматы • Бүгін, 15:02
Ресейден Қазақстанға өтетін газ құбыры қашан іске қосылады?
Қазақстан • Бүгін, 14:51
Түркістан облысында шалғайдағы ауылдар табиғи газға қосылды
Аймақтар • Бүгін, 14:23
Ыстықкөлдегі курорттық нысандар қашан жаңғыртылады?
Сенат • Бүгін, 14:15
HUMAN-AI: Қазақстанның тағы бір жоғары оқу орны халықаралық жобаға қосылды
Білім • Бүгін, 14:08
Түркістан өңірінде заңсыз алтын өндірген 12 күдікті ұсталды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 14:01