Спорт • 24 Ақпан, 2021

Елордалық спортшылар грек-рим күресінен ел чемпионатында екі алтын медаль алды

490 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордалық спортшылар грек-рим күресінен ел чемпионатын олжалы бастады. Ақтөбе қаласында өтіп жатқан Қазақстан Республикасының чемпионатында Нұр-Сұлтан қаласы құрамасының екі спортшысы 1 орын игерлері атанды, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Елордалық спортшылар грек-рим күресінен ел чемпионатында екі алтын медаль алды

63 келіде сынға түскен балуанымыз Асаухат Мухамадиев финалдық кездесуде Алматы облысынан келген Ғалым Қабдунасаровтан басым түссе, 87 келідегі спортшымыз Мақсат Сайлау ақтық сында Жартас Нұрғалиды (Алматы облысы) жеңіп, алтын медаль тақты.
 
Естеріңізге сала кетейік 23-25 ақпан аралығында Ақтөбе қаласындағы “Жекпе жек” спорт кешенінде грек-рим күресінен (U23) ел чемпионаты өтіп жатыр.

Аталған дода барлық санитарлық талаптарға сай ұйымдастырылуда.