Қоғам • 24 Ақпан, 2021

Түркі академиясының президенті Түркияда бірқатар ұйым басшысымен кездесулер өткізді

166 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі Түркия Республикасына іссапары аясында бірқатар кездесу өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Түркі академиясының президенті Түркияда бірқатар ұйым басшысымен кездесулер өткізді

Академия басшысы Түрік тілі коғамының төрағасы, профессор Гүрер Гүлсевинмен, ЮНЕСКО істері бойынша Түркия ұлттық комиссияның төрағасы, профессор Өжал Оғұзбен және Анкара университетінің ректоры профессор Неждет Үнівармен кездесіп, Академия атқарып жатқан жұмыстар туралы баяндап, алдағы жоспарларды талқылады.

Түрік тілі коғамының төрағасы Гүрер Гүлсевин мырзамен кездесу барысында тараптар екі жақты ынтымақтастық мәселелері бойынша пікір алмасты.

ЮНЕСКО істері бойынша Түркия ұлттық комиссиясында Академия президенті Д. Қыдырәлі ұйым төрағасы Өжал Оғұзға Түркі мұраларының зерттелуіне қосқан үлесі үшін Түркі академиясының арнайы медалін тапсырды. Сонымен қатар түркі әлемінің тұғырлы тұлғалары Фараби және Тоныкөк жылдары бойынша ЮНЕСКО шеңберінде атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар туралы сұхбаттасты.

Анкара университетінің ректоры Н. Үнівармен кездесуде екі жақты әріптестікті тереңдету жұмыстары талқыланды.

Соңғы жаңалықтар