Аймақтар • 24 Ақпан, 2021

Қазақстандағы үшінші позитронды эмиссионды томография орталығы шымкенттен ашылады

275 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкент қаласындағы медицина саласында үлкен жаңалық болғалы тұр. Онкологиялық ауруханада биыл ПЭТ/КТ орталығы мен сәулелі терапия орталығы ашылады. Мұндай орталықтар республикамызда әзірге тек Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында бар, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстандағы үшінші позитронды эмиссионды томография  орталығы шымкенттен ашылады

Одан өзге, қала тұрғындарына медициналық көмек көрсету барысында өткен жылы кепілдендірілген медициналық қызмет көрсетуге бөлінген қаржы 88 пайызға артты. 2019 жылы 42 млрд теңге, ал былтыр 80 млрд теңге бөлінді. Биыл да осы деңгейде қаражат қаралады. Шымкентте осыған дейін денсаулық саласына мұндай қомақты қаржы бөлінген емес.

Былтыр жыл бойы коронавирус індетімен күрессек, биыл да бұл күрес жалғасын табады деген Шымкент қаласының әкімі есепті кездесу кезінде вакцинациаландыру мәселесін де қозғады.

Шымкент қаласына ресейлік Sputnik V вакцинасының алғашқы легі 1 ақпанда келді. Бір мың азамат, оның ішінде қала әкімі де ерікті түрде вакцина салдырды. Елімізде вакцина ерікті түрде салынады және дәрігерлер әзірге коронавирусты жеңудің жалғыз жолы осы екенін айтуда.