Қоғам • 24 Ақпан, 2021

Қазақстанда 1 наурыздан бастап карантин талаптары жеңілдейді

348 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елімізде 1 наурыздан бастап карантин талаптары жеңілдейді. Бұл туралы Атамекен ҰКП төрағасының орынбасары Юлия Якупбаева Facebook парақшасында мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанда 1 наурыздан бастап карантин талаптары жеңілдейді

«Ведомствоаралық комиссияның отырысында коронавирустың таралу қарқынының төмендеуіне байланысты «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлік палатасының бірқатар ұсынысы қабылданды», деп жазды Ю. Якупбаева 

Оның айтуынша, 1 наурыздан бастап бірқатар нысанның жұмыс істеуіне рұқсат етіледі.

Жасыл аймақта:

1) жанкүйерлер қатысатын спорт жарыстары (қатысушылар саны талқыланып жатыр)

2) 50 адамға арналған еске алу асы (залдың 30% ғана толтыра отырып)

3) бильярд қызметіне

4) ғимараттардағы балаларға арналған ойын-сауық клубтарына;

5) цирктарға

Сары аймақта:

Базарлар мен сауда, ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері жексенбі күні де жұмыс істей алады.

АШЫҚ қосымшасы:

1) боулинг қызметі;

2) компьютер клубтарының қызметі;

3) фитнесс-орталықтар, бассейндер – жасыл және сары аймақтар үшін жұмыс істеуге рқсат етілді.

«Жалпы алғанда санитарлық талаптарды сақтай отырып, бизнестің жабық нысандарының да жұмыс істеуіне рұқсат етуге болады деген түсіністік бар», делінген жазбада.